12:35
Ырыс алды - ынтымақ

ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!

Міне осындай айдармен биылғы жылдың 30 сәуірінде Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы халықтар бірлігі мерекесіне арналған ұлт һәм ұлыстар ынтымақты достығын дәріптеген фестиваль алаулата-жалаулата өткізілді.

Тәрбие-білім атаулыны тел сіміріп жүрген мектеп оқушылары сыныптардан өзара жұп құрап я дербес сынып болып әуелден айқындала жүктелген ұлттың өзіндік ерекшеліктерін, қонақжай дастарханын, қиюы келісті өнерін һәм осыларға қоса қазақ арасына кеңінен тараған қасиетті ұғымдар Отан, туған жер, ел, достық, татулық тақырыбында мақал-мәтелдерді насихаттауды сахна төрінде тиек етті.

Сонымен не керек, қазақ, орыс, украин, неміс, өзбек, кәріс, тіпті үнді халықтары оқушылардың нақышына келтіре сахнада пырақтануына бірден-бір мұрындық болды да кетті. Аталмыш ұлттардың киім-кешегіне де ескеріліпті. Әсіресе ұлттық билерді тамашалаған қадірменді көрермендердің қошемет-ықыласы керемет болды.

Ал мерекелік фестивальдің шымылдығы түрілер шақта мектеп директоры Белгібаева А.М. осынау шараның сапалы өтуіне белсенділік таныта атсалысқан әрбір сынып оқушыларына Құрмет мадақтамасын салтанатты түрде табыстап, өз алдына ынталандырды.

Шат-шадыман күйге бөленген фестивальшілер артынан ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен ортақтасып, ұлтық дастархандарда тәбетті түрде орын алған тағамдардан ынтымақтаса дәм татты.

Осылайша жылдағы дәстүр бойынша оқу ордасында халықтар бірлігі күні атойлап, мектеп тарихы құшағына ыстық күйінде орналасты.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББМ оқу істері меңгерушісі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 977 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: