15:35
Уақытыңды басқар

БАТЫСТАН ДА БІРЕР ҮЛГІ

«Барлық жетістігім үшін жұмысымды уақытында орындай білгеніме қарыздармын»

Нельсон Мандела

Әйгілі адамдардың өмірлері бізге өз өмірімізді қалай қолға алу керектігі және күнімізді қалай жоспарлау қажеттігі жөнінде қызықты кеңестер бере алады. Олардың барлығы да өткен күннің қадіріне бара білген және әрбір күнін мұқият жоспарлайтын болған. Олар бұл әдетінің өмірде өздері қалағандай тұлға болып қалыптасу жолының ажырамас бөлігі екендігін ұғына білген.

Бенджамин Франклиннің белгілі «Франклин жоспары» бойынша оның «жақсылық жасау күнделігінде» оның күнделікті таңертең сағат 5-те тұратындығы жазылады. Ең алдымен Жаратушыға бет бұрып, өз-өзіне «Бүгін қандай ізгі істер жасаймын?» деген сұрақ қойып, күні бойы атқарылатын істерді ойластыратын болған. Күн ұзаққа атқарылаған шаруалар аяқталып, ұйқыға жататын уақыт таяғанда өз-өзіне «Бүгін қандай ізгі істер жасадым?» деген сауалын қойып, күнін қорытындылайтын. Таңертең ерте тұруды жөн көретін Франклин ұйқыға да ерте жататын.

Кез келген сәтсіздікте мойымайтын авраам Линкольн бала кезінде бір шаруаның көмекшісі болып жұмыс істейді. Жайып жүрген малдарын тынықтырар уақытты ұтымды пайдаланған ол кітап оқып жүріп, біраз оқу орындарын сырттай оқып бітірген екен. Кейінірек ол бір асханада жұмыс істеп жүріп, қолы босай қалғанда кітабын парақтап оқи жөнелетін. Ол сөйтіп жүріп, алғашында лицейді, содан кейін Құқық факультетін тәмамдап, Баро сынағынан сүрінбей өтіп, адвокаттық қызметке кіреді. Міне, осындай ерен еңбегінің арқасында Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-президенті болып сайланды.

Адам уақытының баға жетпес қазына екендігін білген Томас Эдисон ғылыми жаңалық ашу барысында жиырма сағаттан жұмыс істеген күндерінің бірінде қатты шаршағандықтан ұқйыға бет алып, көмекшісіне жарты сағаттан соң оятуын тапсырады. Көмекшісі Эдисонның тәтті әрі терең ұйқыда жатқанын көріп, қимай бір сағаттан соң ғана оятады. Эдисон ояна сала сағат қанша екендігін сұрап біліп, көмекшісіне қатты ұрсып, «Менің жарты сағатымды ұрлауға қандай ақың бар еді?» дейді.

«Уақыт – әрбір адамға берілген жалғыз қор және оны ешкім бос шығындай алмайды».

Томас Эдисон

Англияның әйгілі басшыларының бірі Уинстон Черчилль шетелдік іссапарға шығатын уақыттарында алдын-ала оқитын кітаптарын дайындатып қоятын болған. Осы әдетінің арқасында алты томдық екінші дүниежүзілік соғыс тарихын жазып, сол арқылы Нобель сыйлығын алғаны белгілі. Оның мынадай ой саларлық сөзі де бар: «Өткен шақты талқылауды ұнатпаймын, себебі ондай пікір-таластармен уақыт өткізетін болсам, болашақтан құр қаламын».

Атақты жазушы Агата Кристи үй шаруасындағы әйел болғанына әрі арнайы бөлмесі мен жұмыс үстелінің жоқтығына қарамастан, шығармашылығын шындап, көптеген кітаптар жазып қалдыра алған. Күнделікті үй тірліктерінен уақыт тапқанда оңаша қалып, бірден жазуға кірісетін болған.

«Болашақта билікке қол жеткізе алу өткен шақтағы келеңсіздіктердің орнын толтыра алады. Алайда бүгін қол үзіп қалған минуттардың орнын ертең алатын минуттармен толтыра аламын деп кім айта алады екен?»

Уильям Джексон

Доктор Бурней музыка пәнінен дәріс беру үшін бір оқушысының үйінен екінші оқушысының үйіне барар жолдағы уақыттың өзін пайдаға асырып, атының үстінде француз тілі мен итальян тілін меңгеріпті.

Джон Мейсон Гуд Лондонда науқастарын зиярат етіп жүріп, жолда көлік ішінде Лукрецийді аударған.

Генри керк Уайт бір адвокаттың кеңсесіне барып-келіп жүріп, жолда грек тілін меңгерген.

Францияның танымал басшыларының бірі Анри Франсуа д’Агессо уақытты дұрыс пайдалана білгені үшін тамақтың дайын болғанын күткен кездерінде көптеген бөлімнен тұратын қалың кітап жазып шыққан.

Франциялық жазушы Графиня де Жанлис өзі сабақ беретін әрбір ханшайымды күткен уақыттарында бірнеше том кітаптарын жазып бітірген.

Элиу Буррит өзін жетілдіру жолында қол жеткізген алғашқы жетістіктерін ешқандай да кемеңгерліктің себебінен емес, «бос уақыт» деп аталған маңызды сәттерді дұрыс қолдана алуының пайдасы екендігін айтады.

«Біз тарихта өткен кез келген кезеңнің адамынан да өнімді жұмыс істей аламыз. Қазір біздің қолымызда ол үшін жеткілікті құралдар бар: технологиялық, стратегиялық және жеке тұлғалық. Олар бізге уақыттарымызды дұрыс басқаруға, жұмыс өнімділігін арттыруға және өмірімізді жақсы өткізуге септігін тигізеді».

Марк Монкини  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 141 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: