20:21
Уақытыңды басқар

ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ІЗІМЕН

Фахраддин Рази дастархан басында да бір жағынан тамақ жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын.

Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибн Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам алып қойып, солардың кез келгенімен жалғыстары беретін.

Ислам ғұламаларының әрбір сәтті оның алдындағы уақытпен салыстырғанда тиімдірек пайдалануға тырысқандығын Разидің «Аср» сүресінің тәпсірінде келтірген мына сөздерінен жақсырақ ұғына түсеміз.

«Уақытты тиімді пайдалану тұрғысынан адамдар зиян шегуде, өздерін бұл залалдан сақтап қала алмайды. Залал – қазынаны уыстан шығарып алу. Адам баласының қазынасы – өмірі. Адамның өмірін бос өткізіп алмауы – қиян іс. Себебі адам әрбір сәт өткен сайын өмірінің бір бөлігімен қош айтысуда. Адам уақытын жағымсыз істермен өткізіп жатса, залалы анық. Не пайдасы, не зияны жоқ мүбәһ істен артына ешбір пайдалы із қалмақ емес. сонымен қатар сол мүбәһ істермен айналысқан уақытты артынан із қалдыратын пайдалы іспен шұғылданып өткізуге болар еді. Тіпті құлшылықпен әрі сауапты амал етумен өткізсе, әлі де залалы бар. Себебі әрбір құлшылықтың одан да асқан сауапты түрін жасауға мүмкіндік бар еді. Алла Тағаланың алдындағы ғибадат пен мойынсұнушылықтың дәрежесі шексіз-шетсіз. Әрі Алланың қаһары мен азабы да ауыр. Адам бұл жайттарды білген сайын Алладан қорқу сезімі күшейе түседі. Сондықтан абзалы бола тұра оны тәрк етіп, дәрежесі төменімен қанағаттану өкінішті әрі зарарлы нәрсе. Осылайша адам баласы қандай жағдайда да зиянда болып қала бермек».

Әбу Абдурахман Әс-Суләми уақытты зая кетірудің және дүниеден басқа уайымдары болмаған адамдармен қоян-қолтық болудың нәпсінің ең үлкен айыбы екендігін айтып, оның дауасын былай түсіндіреді: «Уақытты өмірдегі ең құнды нәрсе деп білу және аса құнды болған уақытты тағы сондай құнды істермен, яғни Алланы зікір ету, тұрақты құлшылық ету және ықыласты нәпсіге орнықтыруға тырысумен өткізу керек».

1848 жылы туылған Ханафи мәзһабының Абдулхай әл-Ләкнәуи атты ғалымы 1886 жылы 38 жасында дүниеден өтті. Ғұлама өзінің 38 жылдық өміріне 120-ға жуық ғылыми еңбек сыйғызыпты. Бұлай ету уақытын ұтымды пайдаланған жанның ғана қолынан келеді.

Уақытты жоғалтуға себеп болатын жайттардың бірі адамдармен қарым-қатынас екендігін жақсы білген Ислам ғұламалары бұл мәселеде де қырағылық танытқан. Алдыңғы қатарлы табиғин Амр ибн Абдул-Қайс өзіне келіп, сұхбаттасуды ұсынған адамдарға «Күнді тоқтат» деп айтатын болған. «Яғни, күннің қозғалысын тоқтата алсаң, сенімен сөйлесейін. Анығында, уақыт әрдайым қозғалыс үстінде. Өтіп кеткеннен соң қайта айналып келмесі анық. Оны жоғалтатын болсақ, ешқашан қайтарып алу мүмкін болмайды». Алғашқы буын мұсылман ғалымдар шәкірттеріне жеке қалуды кеңес етіп: «Дәріс біткен соң менің жанымнан кетіп, үйлеріне бет алғанда топтанып бірге емес, жеке-жеке қайтыңдар. Себебі бірге қайтсаңдар, жолда әңгімелесіп, уақыттарыңды босқа кетіресіңдер. Жалғыз болсаңдар, Құран оқып, ой жүгіртіп, жолдағы уақыттарыңды да тиімді пайдалана аласыңдар» дейтін.

Сүлеймен Әр-Рази уақытына өте мұқият қараған және бұл тұрғыда өзін әрдайым сұраққа тартып, есеп алып жүретін болған. Ол жөнінде былай делінген: «Бір сәтінің де пайдасыз өтуіне жол бермейтін. Кітап жазатын, сабақ беретін не кітап оқитын. Қандай да бір себеппен негізгі шаруасы болған кітап жазудан қолы қалт еткенде бірден еріндерін жыбырлатып, ешбір сәтін бос жібермеу үшін зікір айтуға кірісетін. Ешқашан уақытының ізгі амалсыз не ғибадатсыз өтуіне жол бермейтін».

«Алладан уақытымздың құндылығын ұғынуды және әр уақытты пайдалы өткізуімізге жәрдем беруін тілейміз!»

Ибнул-Жәузи  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 119 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: