19:00
Уақытыңды басқар

ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ІЗІМЕН

«Түн мен күн әрдайым сендер үшін қызмет етуде. Олай болса, сендер де ол уақыттарда жұмыс істеңдер».

Омар ибн Абдулазиз

Имам Хасан ибн Рушәйк былай дейді:

«Тәфәккур дариясынык құлпыларын ашу үшін таңсәріде ұйқыдан тұрып, іске кірісуден асқан жақсы кілт жоқ. Өйткені адам сол уақытта сыртқы қатынастардан, дүниенің уайымдары мен құмарлықтарынан алыс болады. Раббысымен бірге болуға дайын, денесі тың, ақыл-ойын, есін жинап, жаңарып, тыныққан болады. Сондықтан да ауасы кең, самал желдер жағымды есетін, күндіз бен түннің арасындағы ең ыңғайлы уақыт – таңсәрі мезгілі. Өйткені таңсәріде жарық нұр қараңғының үстін басып келе жатады. Ал ақшам уақыты мұның керісінше бейнесі, қараңғылық жарықтың үстін басып келе жатады».

Алла жолында жүрген Рабиғ ибн Хайсәмнің мына халі уақытты ең пайдалы түрде өткізу тұрғысында өзін есепке тартып отырудың жақсы мысалы бола алады:ърабиғ ибн Хайсәм өз бақшасына қабір қазып қйоған екен. Жүрегі қатайып бара жатқанын сезген уақытында сол қабірге кіріп, соның ішінде біраз жатады. Кейде дүниемен қош айтысып, мазарға кіретін және сол кезде бір истиғфар мен садақаға зар болатынын ойлап, ақыретін уайымдап, өзін-өзі есепке тартады екен. Содан соң «Егер олардың біреуіне ажал жетсе: «Уа, Раббым, мені дүниеге кері қайтара гөр! Игі істер істеп, зая болған ғұмырымның орнын толтырайын», - деп жалбарынады. Жоқ, ол мүмкін емес, бұл оның айтқан құр сөзі ғана, енді олардың артында қайта тірілетін күнге дейін өткел бермес бөгет (қабір әлемі) бар» аятын оқып, мазардан шыққаннан кейін өз-өзіне:

«Ей, Рабиғ! Қара, бүгін кері қайтарылдың. Бұл талабың қабылданбайтын, дүниеге кері қайтарылмайтын уақытың да келеді. Қазірден қамданып, ізгі амалдарыңды Алла жолындағы талпынысыңды және ақыретке әзірлігіңді арттыр!» - дейді екен.

Имам Шафиғи былай дейді:

«Сопылармен жолдас болып көрдім және олардан екі маңызды қағидаүйрендім:

  1. Уақыт қылыш секілді, сен оны бөлшектемесең, ол сені бөлшектейді.
  2. Нәпсіңді Хаққа қарата алсаң, жарадың, әйтпесе ол сені жалғанға қаратады».

«Уақыт құндылығының байыбына бара бермейтін және бос уақыттарының барлығын ысырап ететін жандар нағыз бейшара әрі міскін болып табылады. Адам баласының өмірі көзді ашып-жұмғанша өте шығады, соңында ол қол қусырып қала бермек».

Шейх Әбдул-Фәттах Әбу Ғуддә

Қады Шұрәйһ бос сандалып жүрген кейбір көршілерін көргенде, «Не істеп жүрсіңдер?» деп сұрайды. Олар «Бүгін боспыз» дегенде, «Бос болсаңдар, осылай жүру ерек пе екен?!» деп ренжіген екен.

Қырық бес жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы Имам Нәуәуидің артқа тастап кеткен еңбектерін есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын қалай үнемдеуді жақсы білген. Ғылым-білім аоуға, құлшылықтарын атқаруға уақыт жеткізу шін ол кісі тек сәске уақыттарында ғана бір-ақ рет тамақтанған екен.

Шейх Фахраддин «Аллаға ант етейін, тамақ жеген уақыттарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінемін. Өйткеі уақыт қашан да қымбат қой» деген.

Имам Әбул Уәфа Али Ибн Ақил былай деген. «Мен тамақ уақыттарын қысқарту үшін қолымнан келгенді жасаймын. Тіпті көп шайналатын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан жазуға, оқуға көп уақыт таба алам». Ибн Ақил ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді: «Қолым қал етіп демалған кездерімде мен аяқты созып құр жатқаннан гөрі терең ойға беріліп, ойша шешілетін  біраз мәселелерді шешумен айналысамын. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу тұрамын да жазамын. Сексен жасымда ғылымға деген менің ынтам жиырма жасымдағы кезіме қаарғанда әлдеқайда жоғары болатын». Айтқанындай осыншалықты ынтасының арқасында Ибн Ақил ғылымның 20 шақты әртүрлі саласында те құнды еңбектер қалдырған.

Имам Малик болса, көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қырқартқан. (жалғасы бар)  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 119 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: