15:59
Уақытыңды басқар

КҮНДІЗГІ УАҚЫТТЫҢ ЖОСПАРЫ

Барлық мұсылмандарды таң намазынан соң ұйықтаудан тыйған Алла Елшісі (с.а.с.( өзі күн көтерілгенше мешітте қалып, сахабаларымен сұхбаттасатын. Арада діни тақырыптан өзге де әңгімелер қозғап, сахабаларының көңілін аулап, жүздеріне күлкі үйіріп, қуантып отыратын. Бұл әңгіме барысында Алла Елшісі де, сахабалар да көрген түстерін айтап беріп, сол түстерді жоритын болған. Пайғамбар (с.а.с.) бұл сұхбаттардың маңызын былайша жеткізетін: «Таң намазын оқып болған соң бір топ адамдармен отырып күн көтерілгенше Алланы еске алу мен үшін Алла жолында дұшпанға қарсы соғыстан да ұнамды. Екінті намазынан соң күн батқанға дейін де солай».

Сахабаларымен болған таңғы сұхбаттан соң Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдерін зиярат етіп, олармен отбасылық сұхбат құратын. Ораза болмаған кездерінде осы уақытта таңғы асын ішетін.

Түскі намаз бен одан соңғы қайлулә ұйқысына арналатын. Қайлулә Алла Елшісінің тұрақты түрде орындайтын істерінің бірі болатын.

Пайғамбар (с.а.с.) уақытты пайдалану тұрғысынан жоспарлы және жоспарына мұқият болмағанында, жетістікке жету жолында түрлі кедергілерге кездесіп, күтпеген жағымсыз жайттарға тап болуы мүмкін еді деп айтуға болады.

Сүннетті ұстану барысында Алла елшісінің осы қасиетін де назарға алуымыз қажет-ақ.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 135 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: