13:52
Уақытыңды басқар

ОҚИ ОТЫРЫП ДЕМАЛУ, ЖҰМЫС ІСТЕЙ ОТЫРЫП ТЫНЫҒУ

Исламда бос уақыт және ештеңе істемей өткізетін демалыс деген түсінік жоқ. Сондықтан дініміз адам жанының да шаршайтындығын қабылдаған соң тынығу мен демалудың ерекше бір түрін ортаға қойған. Ол – жұмысты ауыстыру арқылы тынығу. Жұмыс істеп шаршаған адамның өзі басқа іспен шұғылдана отырып демалуы керек. Бұл мәселедегі басты қағида «Бір істі бітіріп босаған соң, бірден басқа іске кіріс» аятына негізделгендігін бұған дейін де атап өттік. Олай болса, қазіргі кезеңде мұсылмандарға осы жайтқа мән беріп, міндеттегідей көргені абзал болмақ. Құран Кәрім рухынан, мұсылмандар тарихынан үлгі ала отырып, «оқи отырып дем алу», «жұмыс істей отырып тынығу» қағидасы шеңберінде уақытын жоспарлауды үйрену аса маңызды. Құдды бір батыстықтардың «көңіл көтере отырып үйрену» жолын жаппай қағидаға айналдыруға тырысуын да үлгі етуімізге болады.

Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ,

Жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ.

(мақал)

Соңғы кездерде жасалған ғылыми зерттеулерге қарағанда, мида әртүрлі істер үшін әртүрлі бөлімдер жұмыс істеп шаршайды және басқа бір іс мидың басқа бір бөлігінің қызметіне байланысты. Сонда басқа бір іске ауысқан уақытта мидың алдыңғы бөлімі тынығатын болады. Осылайша Алланың Кітабы мен Оның елшісінің келуінен он бес ғасырдай уақыт өткеннен соң тағы бір мұғзижаға көз жеткізіліп отыр.

Аталған жайт бүгінгі күні қалыптасып үлгерген демалу мен тынығу әдетіне қарама-қайшы әрі өзгеше көрінуі орынды. Алайда мәселені дұрыс түсініп, қабылдай алуымыз үшін тарихта тек Ислам ғалымдарының хадистерінен сабақ ала отырып, істі ауыстыру арқылы тынығуды қағида еткендегідей, ғылыми жаңалықтарымен танылған Ньютонның жұмыс істеу әдеті шығыстық әріптестерін еске түсіреді. Оның бір мысалына көз жүгіртейік: «Басқа танымал ғалымдар секілді Ньютон да қол жеткізген атағына еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жеткен. Оның еңбекқорлығы соншалық – шаршағанда демалу үшін бір істен басқа іске ауысатын болған». Тынығу барысында осы қағиданы ұстанғандар көп болған. Американың атақты заңгері Хейл жайлы төмендегідей мәлімет бар: «Бірнеше жыл күніне он алты сағаттан жұмыс істеген. Заң тақырыбынан шаршағанда пәлсапа мен математикамен айналысып өзін тынықтыратын.

Бір сарындағы жұмыспен үзіліссіз ұзақ уақыт айналысудың жиянды жақтары да болуы мүмкін. Бұлай жұмыс істеу әдетке айналар болса, мидың шаршауынан туындайтын ауруларға әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан жұмыс түрлерін ауыстыру арқылы тынығуды елеусіз қалдырмаған жөн. Мұнда жұмысты ауыстыру дегенде толықтай басқа іспен шұғылдануға ауысу емес, уақытша миды демалдыру үшін күнделікті айналысатын істерде кезек-кезек түрлі жұмыстарды жасап отыру меңзеледі.

«Адам дүние салғанда періштелер «Бұл ақиретіне не жіберді?» деп, адамдар болса «Артына не қалдырып кетті?» деп сұрайды.

(хадис)

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 142 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: