13:47
Уақытыңды басқар

ДОС ТАҢДАУ

Уақытты тиімді пайдалануға қатысты маңызды алғышарттардың бірі – жақсы дос таңдау. Достың адам өмірінде атаулы орны бар және әсері орасан зор. Құран мен хадистерде бұл туралы көптеген ескертулерді таба аламыз. Адам өмірінің алланың алдында есеп беруді ауырлататындай зиянды өтуіне және мәңгілік азапқа душар болып өкініштен сан соғып қалуына достардың себеп болатындығы төмендегі аяттарда суреттелген: «Сол күні залым: «Әттең, дүниеде әлгі пайғамьармен бірге бір жолға түскенімде ғой! Қап, әттеген-ай, өзіме де обал жоқ! Пәленшені дос тұтпай-ақ қойсамшы! Маған жеткен тағылым-насихатқа толы Кітаптан мені алыстатып, адастырған сол», - деп, аһ ұрып, бармағын шайнады».

Сонымен қатар Алла Тағала мұсылман баласына кімдермен дос болу қажеттігін де көрсетіп берген: «Мүміндер мүмін бауырларын былай қалдырып, кәпірлерді солай істесе, Алламен (һәм Оның хақ дінімен) байланысын үзген болады».

«Адам досының дінінде болады. Сондықтан әрқайсысың кіммен дос болып жүргеніне мұқият қарасын».

(хадис)

Құранның тәлімінен тағы да ұғынуымыз қажетті жайт бақай есеппен дос болмай, адалдық пен шынайылықты ту етуіміз. «Ол (қиямет) күні дүниедегі барлық достар (яғни, бір-бірін тек дүниелік мақсатта дос тұтқандар) біріне-бірі қас дұшпан болады. Ал тақуалардың жөні бөлек, (олар қай кезде де бір-біріне шын жанашыр дос болады)». Сондықтан жанымызға дұрыс жолдас таңдауымыз қажет болғанындай, өзіміз де турашыл дос болуымыз керектігін ескеруге тиіспіз.

Адамның досы мен жолдасының оның діні мен ақыретіне маңызды әсері бар екенін жоғарыдағы аят-хадистерден көре аламыз. Сонымен қатар дүниелік істерінде жетістікке жетуіне, уақытын тиімді пайдалануына жанындағы достарының тигізер әсері де орасан зор. Адамның досы жетістікке жетуге талпынатын жан болса, ол да өздігінен соған қарай бой түзей алмақ. Және дос-жарандары уақытын қандай іспен шұғылданып өткізер болса, ол да солармен бірге болары сөзсіз.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 142 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: