16:31
Уақытыңды басқар

ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ

Ана мен бала

Бір ккүні жолдасы жан жарын мейрамханаға кешкі асқа шақырады. Бірақ әйелі ұсыныстан бас тартып: «Мен сенің басқа бір әйелді шақырғаныңды қалаймын», - дейді.

Түк түсінбеген күйеуі. «Сен менің жар дегенде жалғыз некелі жарымсың. Мен сені мейрамханада бірге тамақтанайық деп шақырып жатырмын. Ал сен басқа әйел шақыр дейсің. Мен ондай еркектерден емеспін. Қалай басқа әйелді шақыр дейсің? Кімді айтып тұрсың сонда?» - дейді.

Сонда әйелі: «Мен сенің өз анаңды шақырғаныңды қалаймын. Сендер бірге тамақтанбағалы, қыдырып, бірге уақыт өткізбегелі көп болды ғой», - деп сүйікті жұбайымен бірге қыдыру үшін өзінен гөрі енесін жоғары қойып, парасаттылық танытты. Мұны естігенде күйеуі қатты таңырқады әрі әйеліне разы болды.

Бірден анасына қоңырау шалып, мейрамханаға кешкі асқа шақырды. Анасы алғашқыда өз құлағына өзі сенбеді. Шақыруды қуана-қуана қабыл алды.

Жұмыс аптасы аяқталғанда жұманың кешінде анасын алып кетуге үйіне барды. Бойында біраз толқу бар. Анасы сыртта күтіп тұр екен. Оның да толқып тұрғаны байқалады.

Екеуі әңгімелерін айтып, сыр бөлісіп ұзақ отырды. Ана мен бала болып сөйлесуді екеуі де сағынып қалған екен. Әсіресе, ана көңілі жадырап, мәз-мейрам. Ол үшін ең керемет күн болғандай. Тіпті мұндай үлкен мейрамханада болмаса да, жерде отырып ұлымен бірге тамақтанғанның өзі оған зор бақыт сыйлайтын еді.

Анасын үйіне апарып салып тұрып: «Анашым, тағы да міндетті түрде осылай бірге тамаққа барамыз», - деді.

«Тек бір шартым бар. Келесі жолы мен шақырамын», - деді шексіз қуанышта тұрған ана.

Үйіне барғанда кездесулерінің қалай өткенін сұраған әйеліне «Тамаша! Өзім ойлағаннан да керемет өтті» деп жауап қатты.

Көп ұзамай анасы жүрек талмасынан қайтыс болды. Мұның кенеттен болғаны соншалық – анасы үшін еш нәрсе істей алмады. Ұлы қатты қайғырды.

Арада біраз уақыт өткенде анасы екеуі барған ейрамханаға шақырту алады. Тамақ толықтай төленіп қойған екен. Шақырудың жанында бір хат бар еді. «Мұның ақысын алдын-ала төлеп қойғанмын. Алайда бара алатыныма сенімді болмадым. Дегенмен екі адамға арнап төледім. Біреуі – саған, екіншісі – әйеліңе. Сол кеш маған қаншалықты қуаныш сыйлағанын саған айтып жеткізе алмаймын. Сені қатты жақсы көремін, ұлым».

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: