22:34
Уақытыңды басқар

ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ

Үй ішіндегі сіздің бақытқа толы ғұмыр кеше білуіңіз сіздің жақсы көретін әрі сізді жақсы көретін жандарға байланысты болмақ. Сіздің өміріңіздің қаншалықты мәнді әрі бақытқа толы болуы өмірлік жарыңызды, досыңызды не жолдасыңызды дұрыс таңдауыңызға тікелей байланысты.

Адамдармен қарым-қатынасыңыздың сапасын арттырудың бірден-бір жолы оларға көбірек уақыт бөлуге келіп тіреледі. Адамдармен қарым-қатынастағы көзбе-көз тілдесуге бөлінген уақыттың орнын еш нәрсе баса алмақ емес.

«Артқа қарап өткен өмірңе көз салғанда, өзіңнің шынайы түрде өмір сүре білген ең есте қаларлық уақытыңның сүйіспеншілікке толы сәттер болғандығын түсінесің».

Генри Дроммонд

Дініміздің белгілеген ережелері бойынша отбасы мүшелерінің әрқайсысының бір-бірінің алдында белгілі бір жауапкершіліктері бар. Ең алдымен, өмір сыйлаған ата-анаың алдындағы ешқашан өтелмес парызымыз бен қарызымыз бар. Оны Алла Тағала Құранда да атап өткенін білеміз. Соған сай осы міндетімізді орындау үшін оларға уақыт арнап, көңіл бөлу қажет болмақ. Аятта ата-анаға жақсылық жасаудан кейін туған-туыстарға кезек береді. Сондықтан жақын туыстардың алдындағы жауапкершілікті өтеуге де уақыт бөлу маңызды. Алла Тағала жұп етіп жаратқан ерлі-зайыптылардың арасындағы жауапкершіліктер мен міндеттердің жөні мүлдем бөлек. Әйеліне «аманатым» деп қараған ері оның алдындағы міндеттерін орындауға уақытын дұрыс бөле білуі тиіс. Ерін «жаннатым» деп бағалаған әйелі де жарының алдындағы жауапкершіліктеріне мұқият болып, оны разы етуге барша мүмкіндіктерін пайдаланып, жеткілікті уақытын арнауы қажет. «Адамның бір қызығы бала деген» демекші, балалы болуды кімнің болса да қалайтыны ақиқат. Алайда оның өзіндік жауапкершілігі де жоқ емес. ол жауапкершілік – балаға тәрбие беру. Ал бала тәрбиелеу бір күндік іс емес. жалпы адамды тәрбиелеу көп уақыт алатыны белгілі. Құран Кәрімде мұса пайғамбардың (а.с.) өз қауымын Алла Тағаланың әміріне бағынбаған соң, Сина сахарасында ары-бері 40 жыл бойы жүргізгені айтылады. Бұл оқиға қазақтың «елу жылда ел жаңа» деген тамаша сөзін еске түсіреді. Яғни, Алла Тағала әлгі күнәһар қауымды тәрбиелеуді мақсат тұтты. Ақыры шөлдің шыжғырған ыстығынан қайраттанған қауым тарихқа дәуіт пайғамбардай (а.с.) қайратты ұл сыйлады. Ол өз қауымы жіберген қателікті жөндеді. Міне, бұл – тәрбиенің жемісі. Сіз де балаңыздың тәрбиелі болғанын қаласаңыз, оның тәрбиесіне көңіл бөліңіз. Кімде-кім өз уақытын баласының тәрбиесі үшін жұмсаған болса, онда ол ертеңгі күні тәрбиесіз баланың келтірер зардабынан аман болады.

Осылардың барлығына көңіл бөлу мен уақыт арнау мәселесінде адам тепе-теңдікті сақтауға мұқият болуы керек. Ешкімнің ақысын ешкімге жегізбеу керек. Барлығына қажетті уақытын бөле білу керек.

Адам жұмысы үшін отбасына уақыт бөле алмай немесе отбасы үшін жұмысына уақыт бөле алмай жүрген жоқ. Уақытын дұрыс пайдаланбай, ысырап еткені үшін уақыт бөле алмай жүр.

Шынайы бақытқа қол жеткізу үшін отбасы мен жұмысқа арналған уақытта таразының басын тең ұстай білу өте маңызды. Жұмыс барысында жұмсалған уақыттың сапасы маңызды болса, барлық бақытты әрі есте қаларлық сәттерді бастан кешіретін отбасы ошақ қасындағы жақын жандарыңызға арналған уақытыңыздың мөлшері маңыздырақ.

Сіздің түздегі жұмысыңыз ішкі жан дүниеңіздегі құндылықтарыңызбен сәйкес болғанда ғана шынайы бақытты бола алмақсыз.

Көптеген адамдар, әсіресе ер кісілер, олар үшін отбасы ең басты құндылық әрі барлығынан қымбат екендігін айтады. Олар тек қана отбасына жайлы өмір сыйлау үшін тер төгіп жүргенін қайталаумен болады. Алайда күн ұзаққа жұмыста болып, кешке үйіне оралғанда теледидар көрумен, демалыс күндері достарымен ойынға жиналумен уақыт өткізеді. Жақында жасалған зерттеулердің нәтижесі бойынша, отағасы әр баласымен орташа алғанда күніне сегіз минут уақыт өткізеді екен.

Жұмыс күні отбасына бөлінген уақыттың арасындағы мұндай теңсіздік адамды үкйзеліске ұшыратады. Дөңгелектерінің бірінің тепе-тенңдігі бұзылғанда қатты теңселе бастайтын автокөлік секілді өмірде осындай тепе-теңдікті сақтай алмау адамды қуаныш пен үйлесімділіктен айырады.

Уақыт пен дүние мәңгілік емес. ең маңыздысы – жақын жандар мен өмірлік құндылықтар.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 154 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: