19:37
Уақытыңды басқар

ЖАҚЫНДАРҒА УАҚЫТ БӨЛУ

Өз уақытыңызды кіммен және қалай өткізетініңіз сіздің бақытыңыз бен жетістігіңіздің 85%-ына әсер етеді. Әңгіме-дүкен құруға арналған уақыт пен жұмысқа, шығармашылыққа не білім алуға арналған кезеңдердің арасында айырмашылық болары сөзсіз. Жетістікке жетуге және мансапта жоғарылауға қажетті істер отбасы бақытына қауышу мен жақындармен жақсы қарым-қатынаста болуға керекті әрекеттерден түбегейлі өзгеше болады.

Отбасында болсын, достардың ортасында болсын ынтымақ пен татулықтың орын алуы оған да арнайы уаөыт бөлуді қажет етеді. Жақындарыңызға уақытында оларға қажетті уақытты бөліп үйреніңіз. Себебі бұл кейінге қалдырылатын уақыт емес.

«Денеңе оның ақысын ьер, көзіңе оның ақысын бер, қонақтарыңа олардың ақысын бер, әйеліңе оның ақысын бер».

(хадис)

Құранда Алла Тағала «Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе. (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар» деп мұсылман баласының қоғам алдындағы жауапкершілігін тізбектеп береді. Дін мұсылман баласы мүмкіндігінше осы аталған жандарға уақыт бөліп, міндетігн орындауы тиіс.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 155 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: