17:08
Уақытыңды басқар

КҮН САЙЫН ӨЗ-ӨЗІН ЖЕТІЛДІРІП ОТЫРУ ҚАЖЕТ

Бос уақытты тиімді өткізуге жетелейтін, адамның санасында қалыптасуы қажет қағидалардың бірі – адамның жеке дамуына байланысты. Алла Елшісі (с.а.с.) мүміннің білім деңгейін, рухани байлығын күн сайын арттырып отыруға тырысуы қажеттігін ескерткен. Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Мені Аллаға жақындататын ілімімді арттырмай бір күн өмір сүрсем, ол күнді жақсылықпен өткізбедім деп есептеймін». Мәғрифәтуллаһтың (Алланы тану) шыңына шыға алған Пайғамбарымыздың күн сайын Аллаға деген жақындығын арттыратын ілім алуға мүмкіндігі болса, басқа адамдар үшін бұл мүмкіндіктің аясы тіпті кең болмақ. Себебі Алланы тану тұрғысынан біздердің олқылымтарымыз бен пайғамбарлардың кішігірім кемшіліктерін салыстыруға мүлдем келмейді.

Мағынасы осыған ұқсас тағы бір хадиске назар аударсақ: «Тақуалыққа жетудің жолдарының бірі – білмеген мәселелеріңді де үйренгенше білім алуды жалғастыру».

Басқа бір риуаятта аталған жайт төмендегідей қысқа да нұсқа жеткізіледі: «Екі күні бірдей болған – зиянда... күн сайын дамып отырмаған кері кетеді». Өмірдің әрбір кезеңдерінде адамның әрдайым тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыруының қажеттілігін ағысқа қарсы жүзген адаммен салыстыруға болады. Ағысқа қарсы жүзген адам жүзуін жалғастырмай тоқтап қалатын болса, кері кететіні белгілі. Сол секілді адам баласы білім алуын тоқтатып қойса, оның бұған дейін жеткен дәрежесінде тұрақтап тұра алмайды, міндетті түрде кері кетеді, себебі алдыңғы мәліметтер бара-бара ұмытыла бастайды.

Бір орында қалу үшін екі есе жылдам жұмы істеу керек.

Нағыз пайдалы білім материалдық білімдер мен рухани білімдерді бірлестіре отырып меңгеріледі. Ілімнің бұл екіжақтылығы қос қанат сияқты. Сіз өмірде бір қанатпен ұшқан құс көрдіңіз бе?..

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 147 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: