19:25
Уақытыңды басқар

БІЛІМ АЛУҒА УАҚЫТ АРНАУ

Ислам діні ер кісіге де, әйел адамға да білім алуды міндеттейтіні белгілі. Құранның ең алғашқы түскен әмірінің өзі «Оқы» делінгендіктен, білім алу мұсылман жанның ең басты міндеті болып саналады. Мұнда да Алла Тағала нақты нені оқу керектігін айтып белгілеп бермегендіктен, дініміз пайдалы әрі қажетті білімнің барлық түрін құптайды деуге болады.

«Ілім үйрену – әрбір мұсылманның мойнындағы парызы»

(хадис)

Алла Елшісі (с.а.с.) Құраннан үйренген тәлімімен әрдайым «Раббым, ілімімді арттыра көр» деп дұға ететін болған. Мұның өзі білім алудың дінімізде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсете алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тек дұға етумен шектелмей, әрқашан амалын да жасай білген. Ең алдымен уахи арқылы сусындай отырып, Жәбірейіл періштеден (с.а.с.) де көптеген жайттарға қанық болған. Сонымен қатар сахабаларымен және айналасындағы жандармен сұхбаттасып, ақыл-ойын пайдалы мәліметтермен толтырып отырған.

Алла Елшісінің «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді» деген сөзі білім алудың маңыздылығын көрсетіп, ілім жолындағы жанды сүйіншілеуде.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның мына бір өсиетінен білім алудың кезек күттірмей ең алдымен атқарылуы қажет іс екенін ұғына аламыз: «Ең алдымен білім ізденуге тырыс. Кейін дүниелік несібеңді алу үшін жұмыс жаса. Содан кейін ғана өмірлік жар табуға әрекет жаса. Ал егер бірінші дүниелік несібеңді, байлықты көздесең, білім алуға уақыт таппай қаласың және білімсіз тапқан байлық сені сараңдыққа жетелеп, көзіңді шел басады».

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 155 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: