21:53
Уақытыңды басқар

МҰСЫЛМАН және УАҚЫТ

Адамды заман билейді.

(мақал)

Құран Кәрім адам өмірін басты бес кезеңге бөліп қарастырған: балалық шақ, жастық шақ, кемелдену, егделік, кәрілік. Мұндай кезеңдерге бөлу әр дәуірдің адамдарына тән болғанын көре аламыз. Ал дініміз болса, осылай бөліп қарастыру арқылы белгілі бір мақсатты көздеуде: өмірдің әрбір кезеңіне тиісті міндеттербелгіленген. Адам баласы қай кезеңде өмір сүріп жатқан болса, сол кезеңде атқаруы тиіс міндеттерін орындап, сол кезеңнің ерекшеліктеріне сай өз нәпсісін тәрбиелеп, өмір сүру тәртібі мен жағдайын ретке келтіруі қажет. Құран тілімен айтар болсақ, мүмін боялуы керек «бояудың» (аятта «сибғатуллаһ» сөзімен берілген) адамның өмірінің әр кезеңіне байланысты азды-көпті ерекшеліктері болады. Адамның өмір жолында табиғи түрде сырт көрінісінің өзгеріп отыратыны секілді рухани жағынан мінез-құлқы мен жан-дүниесінің жақсы жаққа өзгеруін қадағалауы қажет. Өмірі ғапылдықта бір сарынды өте шықпасы үшін мұқият болып, қырағылық танытып, толыққанды дайындықпен әрбір кезеңді дұрыс өткізуі қажет. Әйтпесе, 50-60, тіпті 70-80 жасқа келгеніне қарамастан, бүгінгінің адамдарының көбі өзін жастай көріп, нәпсі қалауларының соңына түуден әлі де арыла алмай жүрген жайы бар. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) егде тартқан жандардың әлі де жас секілді нәпсісіне беріліп жүруін құптамай, оларды «адамдардың жаманы» ретінде сипаттайды.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 173 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: