17:11
Уақытыңды басқар

АЗ ҰЙҚЫ

Тақырыбымызға қатысты мәселелердің бірі – аз ұйықтаудың кеңес етілуі. Алла Елшісі (с.а.с.) бірқатар хадистерінде аз ұйықтау керектігін ескертіп өтеді: «Адам ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін байлап: «Түн ұзақ, ұйықта», - дейді. Егер адам ұйқыдан оянып Алланы есіне алса, бір түйіні шешіледі. Тұрып дәрет алғанда екіншісі, намаз оқығанда үшіншісі шешіліп, адам таңертең сергек тұрады әрі жақсылыққа қол жеткізеді. Керісінше жағдайда адамның еңсесі түсіп, солғын жүреді және жақсылықтан мақұрым қалады».

Алла Елшісі (с.а.с.) таңға дейін ұйықтап жатқан бір адам туралы айтылғанда «Шайтан оның құлағына дәрет сындырып кеткен» деген. Сонымен қатар әзірет Сүлейменге (а.с.) анасының мынадай насихат айтқаны жеткізіледі: «Балам, түнде көп ұйықтама, себебі көп ұйқы қиямет күні адамды кедей қылады».

Тамақ – арсыз, ұйқы – арсыз, күлкі – арсыз.

Мөңке би

Дініміздің ұстанымы мен өсиеті саналатын төмендегі үш жайтқа әрдайым да назар аударуымыз қажет болмақ: аз тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу. Бізден бұрын өткен ізгі жандар тіпті халал шеңберінде болса да, осыларды барынша азайтуға тырысатын болған.

 

Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз?

Өз дәуірінің ең үлкен имамы болғандықтан, Нұғман ибн Сәбитті халық «Имам Ағзам» деп атап кеткеен. Ол ақылды, парасатты, кемел ойдың иесі еді. Терең білімі мен тақуалығы жан дүниесін байытып, айналасына сәуле шашқан шамшырақтай болатын. Жан-жақтан шәкірттер ағылып келіп, ұлы ғалымнан сабақ алуға тырысатын. Атағы мен абыройы мұсылман елдердің бәріне тарап, сол кезеңнің үлкен ғалымдары да оның білімін мойындап жатты. Бір күні халық «Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз» - деп сұрағанда, Имам Ағзам былай деп жауап берген екен: «Төрт нәрсе арқылы: әуелі кездескен қиындықтарға есекше шыдамдылық таныттым, ғалымдардың артынан бір елі қалмай итше ерумен болдым, мысықтар секілді білім табалдырығының айналасынан шықпадым, соңғысы таңға дейін қарғаларша көз ілмедім». Атақты имам жауабында бір жағынан терең білімге қалай қол жеткізгенін айтса, екінші жағынан өзін осы жануарларға теңеп, қарапайымдылығын көрсеткен еді. Иә, білімге қол жеткізу үшін өте маңызды төрт қасиет керек-ақ: сабыр, білімділерге үйірсектік, табандылық және аз ұйықтау.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 178 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: