15:23
Уақытыңды басқар

ҰНАМСЫЗ ҰЙҚЫ

Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтаудың сергектікке, ас қорыту, жүрек пен жүйке жұмысына және басқа да денсаулыққа кері әсерлері бар. Бұл – дүние және ақырет ісінен шалғытатын ұйқы. Сонымен қатар күнмен таласып ұйықтаудың зияны эайлы да ескертілген. Ғалым сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп «Тұр, ризық-несібе бөліп беріліп жатқан уақытта ұйықтағаның не?!» деуі Алла Елшісінің таңғы уақыттың берекеге себеп болатынын айтып, дұға еткендігін білгеніне орай ескертуі екенін көре аламыз.

«Екінтіден кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен көрсін» деген хадиске қарағанда екінтінің соңғы уақытынан ақшам намазына дейін күн батуға бет алған шақта ұйықтаудың да ұнамсыз екендігін байқаймыз. Бұл уақытта ұйықтаған жан оянған кезінде не болып жатқанын, күннің қай уақыты екенін ұғына алмай, дел-сал болып тұрады. Қазақ халқы да осындай хадистерден тәлім ала отырып, «бейуақта ұйықтама» деп бұл уақытта ұйықтаудан тыйған.

Сонымен, күн шығып жатқанда және батып жатқанда ұйықтау – зиянды әрі табиғатына жат, ұйықтап тұрған адамды мең-зең қылатын жағымсыз құпталмаған ұйқының түрі.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 188 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: