10:38
Уақытыңды басқар

ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

 «Демалыссыз еңбектену – жетістік емес, уақытты тиімсіз жоспарлаудың жазасы».

Данте

Жылдық және апталық демалыс күндері болғаны секілді күнделікті тынығу уақыты да болатыны белгілі. Құран Кәрімде күндізгі уақыт толықтай жұмыс істеп ризық табуға арналғандығы айтылған аяттардың болғанына қарамастан, басқа бір аятта түскі уақытты тынығу уақыты ретінде сипаттайды. Олай болса, күнделікті тынығу уақыты дініміздің басты қайнар көзі Құранда да орын алғанын көре аламыз.

 

ДЕМАЛЫС ПЕН ТЫНЫҒУҒА ҚАЖЕТТІЛІК

Алдымен дініміздің мереке мен демалыс түсінігі қате ұғынылмауы үшін Исламда адамның шаршайтындығын ескеріп, тынығуға қажеттілігін қабылдайтынын айта кету қажет. Алла Елшісі (с.а.с.) «Жүректі ара-арасында тынықтырып тұрыңдар» деген болатын.

Бір мәртесінде саңлақ сахабалардан Ханзала мен Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Ханзала мұнафық болды. Сенің жанында сезінгенімді сырт жүргенде сезе алмаймын, дүниелік істерге араласқанда сенің қасындағы толайым күшті сақтап қала алмаймын», - деп өкінішпен мұңын шағады. «Бірде бұлай, бірде олай... – деп, пендеге тән құбылма мінезге түсіністікпен қараған Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін жалғап былай дейді: «Егер үнемі менің жанымдағыдай және ғибадат үстіндегідей қалыптарыңды сақтай алсаңдар, періштелер жолдарыңа қанаттарын төсеп, тіпті сендермен қол алысып амандасар еді».

Бұл хадис адам баласының пайдалы іс болған күннің өзінде, ешқашан бір жұмыспен үздіксіз айналыса алмайтындығын, қалайда шаршап-шалдығатындығын ескертіп отыр. Әзірет Әлидің де «Жүректеріңді демалдырыңдар, ол да тәндерің секілді шаршайды» дегені бар.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: