15:54
Уақытыңды басқар

МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР

Қадір түні

Рамазан айының 27-түні «Қадір түні» деп аталады. Адамдарға дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолын көрсететін дініміздің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға рамазан айындағы Қадір түнінде түсе бастаған. Қадір түнінде әзірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктеліп, Ислам таңы осы түні атқан. Міне, осындай маңызды оқиғалар Қадір түнін нұрға бөлеп, қасиетін арттырған. Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігі Құран Кәрімде ашық айтылған.

«Кімде-кім артықшылығына иланып, сыйын Алладан күтіп, Қадір түнін ғибадатпен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі».

(хадис)

Қадір түні – мүміндерге Алла Тағаланың берген шексіз мейірімділік белгісі мен үлкен ілтипаты. Бұл түнді Алла разылығы үшін намаз оқып, Құран оқып, дұға етіп, ғибадатпен өткізуіміз керек.

Әзірет Айша (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан:

«Уа, Алланың Елшісі! Қадір түнінде қайтіп дұға етейін?» – деп сұрады.

Сонда мынадай жауап естіді:

«Былай де: «Раббым, сен өте кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені де кешіре гөр».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйреткен бұл дұғаны біз де Қадір түнінде қайталайық.

Қасиетті түндерді намаз оқу, Құран оқу, Пайғамбарға салауат айту, күнәларымызға кешірім тілеу, дүние және ақыретке байланысты тілектерімізбен дұға қылып, қолымыздан келгенше қайырымдылық іс-шараларын атқарып, кедейлерді қуанту сияқты ізгі істермен өткізуіміз керек.         

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 233 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: