11:38
Уақытыңды басқар

МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР

Мәуліт

Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с.а.с.) 571 жылы рәбиул-әууәл айының 12-түні туған. Бұл қасиетті түн «Мәуліт түні» деп аталады. Мәуліт – «туылған уақыт» дегенді білдіреді.

Ол дүниеге келген шақта жер-жаһанды надандық, зұлымдық пен арсыздық жайлап, Аллаға деген сенім ұмытылп, адамзат қамалып, өмір сүре алмайтындай дәрежеге түскен еді.

Пайғамбарымыздың дүниеге келуімен әлем нұрға бөленіп, халықтың жүрегіне Аллаға деген сенім ұялады. Теңдік, әділет және бауырмалдық пайда болды. Аллаға сенген халықтар шын мәнінде қуанышқа кенеледі. Пайғамбар (с.а.с.) туған түн – адамзаттың қараңғылықтан құтылуы үшін өте қайырлы әрі берекелі бастама болды.

Пайғамбарымыздың туған күнінде айтылатын мәуліт жырларын құрметпен тыңдау, оның қасиетіне, рухына салауат айту – халқымыздың Пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең құрметінің көрсеткіші.      

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 233 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: