15:22
Уақытыңды басқар

МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР

Мухаррам айы және Ашура күні

Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы. Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Бір хадисте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында ұсталған ораза болып табылады».

Жаңа айда жарылқасын, ескі айда есіркесін.

(мақал)

Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Алла Тағала көп дұғаларды ашура күні қабыл еткен. Әзірет Адамның тәубесінің қабыл болуы, әзірет Нұхтың топаннан құтылуы, әзірет Юнустың балықтың қарнынан шығуы, әзірет Ибраһимнің отта жанбауы, әзірет Якубтың ұлы әзірет Юсуфқа құдықтан шығуы, әзірет Әйюбтың аурудан құтылуы, әзірет Мұсаның қызыл теңізден өтуі, әзірет Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.

Алла Елшісі (с.а.с.) осы Ашура күнінің ерекшелігін ескеріп, ораза ұстауды әмір еткен. Және көп дұғалар қабыл болып, күнәлар кешірілетін күн екендігін атап өткен.      

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 235 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: