09:46
Уақытыңды басқар

МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР

Жұма күні

Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша атптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді. Сонымен қатар көптеген хадистерде жұма күнінің ерекшелігі тілге тиек етіліп, мақталып айтылады. Алла Елшісінің бірқатар хадистерін келтіре кетсек:

«Расында, жұма күні – күндердің төресі және Алла Тағаланың қасында ең ұлығы. Жұма күні – Алла Тағала үшін Ораза айты мен Құрбан айтынан ұлығырақ. Жұманың бес қасиеті бар: Жұма күні Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратты, осы күні Адамды (а.с.) жаннатқа кіргізді, осы күні Адам (а.с.) жерге түсірілді, осы күні адам (а.с.) қайтыс болды, қиямет жұма күні болады. Сондықтан періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер – барлығы да жұма күнінен қорқады... Жұма – күн шуағы шашылған күндердің ең жақсысы... Жұмада бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Алладан харамнан басқа не тілесе, қандай қажетін сұрайтын болса, Алла оған береді. Қандай да бір жамандықтан сақтауын тілесе, Алла оны сол жамандықтан сақтайды».

Жұманың маңызы мен қадір-қасиеті жөнінде тоқталған мұндай хадистер көптеп кездеседі. Бірқатар хадис кітаптарында «Китәбул-Жума» атты бөлімдер де бар. Жұма жайындағы бірқатар хадистерде жұманың мүміндердің мерекесі екендігі баяндалады. Сондықтан бұл күні ғұсыл алып тазалану, хош иісті әтірлер себіну, ең жақсы киімдерін кию, жаңадан алған киімін арнайы кию, ақ түсті киім киюге тырысу қажеттілігі айтылған. Жұма күні ораза ұстау құпталмаған.     

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 236 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: