13:03
Уақытыңды басқар

БІР АЙДЫҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛІНУІ

Уақыт түсінігінің қалыптасуы мен өмірлік маңызы бар істерді өз уақытында дұрыс атқара алу үшін жылдың айларға бөлінуі жеткіліксіз болмақ. Олай болса, ай да бірнеше кезеңдерге бөлінуі қажет.

Құран Кәрімде «апта» сөзін білдіретін арабша «усбуғ» сөзі кездеспейді. Тек қана сенбі мағынасындағы «сәбт» сөзі жеті рет өтеді. Бұл сөз барлық жерде яһудилерді сипаттайтын асхабус-сәбт (сенбі күнінің халқы( тіркесімен жазылған. «Сәбт» сөзі араб тіліне ибрани тілінен енгендігі және жеті күндік уақыт, яғни бір апта мағынасына келетіндігін ғалымдар атап өткен. Мұсылмандар надандық дәуіріндегі «арубә» сөзінің баламасы ретінде енгізген және «апта» мағынасында да қолданылатын «жұма» сөзі Құранда аптада бір рет оқылуы парыз намазды бұйырған аятта бір рет кездеседі. Осылайша Құран Кәрімнің тарихта өткен барлық мәдениетерде орын алған жеті күндік апта жүйесін де атап өткендігін көре аламыз. Себебі жұма күні сол кезеңнің тұрақты күнтізбесінде де жеті күнде бір рет келетін.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 255 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: