22:43
Уақытыңды басқар

МАРДЫМСЫЗ КӨРІНГЕН УАҚЫТТЫҢ ӨЗІ МАҢЫЗДЫ

Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам әрбір мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермері» анық. Себебі бізге мардымсыз көрінген уақыттың өзі аса маңызды әрі көп нәрсеге әсер ететіндей бола алады. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылын мына бір ой да аша түседі:

  1. Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра.
  2. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра.
  3. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.
  4. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра.
  5. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.
  6. Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
  7. Бір милисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!

 

Бір минут деп өте шықпа!

Бір минут ішінде:

  • «Фатиха» сүресін 5 мәрте қайталап оқи аласың, әрі осы үшін саған 7000 жақсылық жазылады.
  • «Ықылас» сүресін 15 мәрте оқи аласың, онымен Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың.
  • «Субханаллаһи уә бихамдиһи» зікірін 100 мәрте айта аласың, әрі күнделікті күнәларың кешіріледі.
  • «Лә хаулә уә лә кууәтә иллә билләһ» зікірін 40-тан аса қайталай аласың, ал бұл жаннаттың байлықтарының бірі.
  • «Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни, Алладан күнәларының кешірілуін сұрайсың. Истиғфар айту – күнәлардың кешірілуіне, дұғаның қабыл болуына, жәннатқа кіруге, қуатты болуға, бәленің алдын алуға, өміріңнің жақсаруына себепкер болады.
  • Алла Елшісіне (с.а.с.) 20 мәрте салауат айтуға болады. Бір салауат айтқанға он жақсылық беріліп, он күнәсі кешіріліп, дәрежесі онға көтеріледі.
  • «Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-азим» зікірін 50 мәрте айтуға болады. Бұл екі сөз тілге жеңіл, Аллаға ұнамды, ақыретте таразыда ауыр тартады.
  • «Лә иләһә иллаллаһ» деп 100 мәрте айтуға болады. Ал бұл – сөздердің ең ұлысы.
  • «Субханаллаһи уәлхамду лилләһи уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр» деп 25 мәрте айтуға болады. Бұлар – Алланың алдындағы ең ұлық болған төрт зікір.
  • Бір минут ішінде екі алақаныңды жайып, Алладан керегіңді сұрап, дұға ете аласың.

«Уақытты өткізбеу керек, оны инвестициялау қажет».

Стивен Кови

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 302 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: