21:47
Уақытыңды басқар

ЖОЛДАҒЫ БОС УАҚЫТТАР

Ұзақ жолға шыққанда немесе қаланың ішінде кептелісте тұрғанда босқа сабырсызданып, шағымданып, өзгерту мүмкін болмаған жайтқа шамданғанша, сол уақытты ақылмен тиімді өткізуге тырысыңыз. Аудиокітаптар, әртүрлі сабақтардың жазбасын, Құран мен уағыз тыңдап, кітап не журнал оқып, адамның еркінен тыс өтіп кетіп жатқан уақытты тиімді пайдалануға болады.

«Егер адам ұзақ сапарға шыққанда жол үстінде пайдалы дүниелермен айналысса, ол діттеген жеріне жетіп қана қоймай, уақытты екі есе тиімді пайдаланған болады. Ал егер тек терезеге телміріп, зерігіп, есінеумен болса, өткен әрбір сәті мен жолдың әрбір шақырымының ауыртпалығын сезінуіне тура келеді».

Колин Уилсон

Жолда атқарып тастауға болатын шаруалар:

  1. Кітап оқыңыз немесе аудиокітап тыңдаңыз. Жолда көлікте кетіп бара жатқанда оқитын шағын кітап алып жүріңіз (немесе қазіргі уақытта кітаптың электрондық нұсқасын ұялы телефоннан не смартфоннан оқуға да болады).
  2. Қажетті адамдарға қоңырау шалып, «құрбақа жеп алыңыз».
  3. Тіл үйреніңіз. Кішкене қағаздарға жаңа сөздерді жазып алып, жолда жаттаңыз.
  4. Қағазға не кітапқа қарауға мүмкіндік болмайтын жүріп бара жатқан уақыттарда тіліңіз зікірде болсын.
 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 268 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: