12:15
Уақытыңды басқар

БОС УАҚЫТТЫ БОС ӨТКІЗБЕУ

Уақытыңың бос өткені –

Өміріңнің бос кеткені.

(мақал)

Адам баласының немқұрайлылығы мен ұмытшақтығы себепті көп жасайтын қателіктерінің бірі – уақытты ысырап ету. Өмір – Алла Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет қолдану үшін ғана берген және белгілі бір уақытпен шектеген өте құнды нығметі. Сондықтан уақытты оның құнына сай амалдарға жұмсау шарт.

Технологияның өмірімізде ойып орын алған заманында бос уақытымыздың артуы себепті Исламның бұл мәселедегі ақыл-кеңестері мен бағыт-бағдарларының маңызы арта түскеніне сенеміз. Жалған дүниенің ләззатына берілген адамзаттың жан тыныштығынан айырылуы бос уақыттарын қалай өткізгеніне байланысты туындап отырғанында дау жоқ. Себебі қолы бос адам бірден өзіне пайдалы іс таба қоймаса, уайымға салынып, күйзеліске ұшырайды және одан арылу үшін зиянды істермен айналысып, ойын-сауыққа беріледі. Ойын-сауық болса, адамды бірте-бірте азғындыққа жетелейді. Сондықтан уайым-қайғы азғындыққа жол ашушы болып табылады. Олай болса, дініміздің бұл мәселе төңірегінде де адамзатқа айтары бар екендігі талассыз.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 281 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: