10:23
Уақытыңды басқар

ӨТКЕН ҚАТЕЛІКТЕРДЕН САБАҚ АЛУ

«Ертеңді жақсартудың жалғыз жолы – бүгін нені қате жасағаныңды білу».

Робин Шарма

Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ тістеген кездер қайсымыздың болса да басымыздан өткен болуы мүмкін. Пенде болғандықтан, адамның қатесіз, күнәсіз, кемшіліксіз болмағы мүмкін емес. Алайда пендешілікті сылтау етпей, ерекше ақылды болып жаратылғанын ескеріп, адам баласы мұндай қателіктерінен сабақ ала білуі қажет. Және өзіне берілгенерік-жігерін қолданып, алған сабағына сай амал етіп, ол қателігін болашақта қайталамауға тырысуы қажет.

Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Нағыз мүмін бір ұядағы жәндікке өзін екі рет шақтырмайды». Бұл хадис ақылға салып ойланудың, мұқият болудың және өткен қателіктерден сабақ алудың маңыздылығын көрсетуде. Олай болса, өткен қателіктерден сабақ алу мүміннің міндеті деуге де болады.

«Бүгінгі ақылым болғанда кешегі жіберген қателіктерімді жасамас едім, алайда кешегі қателіктерімді жасамағанда бүгінгі ақылым болмайтын еді» деген сөздің де жаны бар. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демекші, адам «көре-көре көсем болады».

Дәл солай уақытты дұрыс пайдалануды үйрену жолында да әртүрлі кедергілер кездесіп, шалыс басатын тұстар да болуы ықтимал. Сондай сәттерден не өмірімізде өткен бұрынғы қателіктерден нағыз ақылды әрі мүмін адамға жарасардай сабақ алып, болашақта ондай қателіктерге қайта ұрынбауға нақты бекініп, жігерімізді шыңдап, алға қарай ұмтылуымыз қажет.

«Әрбір адам өз қателігінен сабақ алады, ал ақылды адам өзгенің қателігінен сабақ алатындығын» ескеріп, тек өзіміздің басымыздан өткен жайттардан ғана емес, таныстарымыздың да қателіктерін сараптау арқылы өзімізге өмірлік сабақ алу жолдарын қарастырсақ, нұр үстіне нұр болмақ.  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 299 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: