23:20
Уақытыңды басқар

АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР

  1. Істі кейінге қалдыру

Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінге қалдыру әдеті. Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды. Одан құтылу сіздің бүкіл өміріңіздің өзгеруіне жағдай жасайды.

«Ең көп уақытты жоғалтатын бірден-бір жайт – іске бірден кіріспеу».

Доусон Тротмон

Бұл әдеттің тамырына балта шабатын жеті тәсіл бар:

  1. Қағазға жазып жоспар құрыңыз. Мұқият дайындалыңыз. Әрбір әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Тапсырмаңызды әрбір қадамына дейін анықтап жоспарлаңыз.
  2. Жұмысқа кіріспес бұрын ьарлық қажетті құрал-жабдықтарыңызды сайлап алыңыз. Кейін алаңдамас үшін алдын-ала дайындап қойған жөн.
  3. Алғашқы қадамды бастаңыз. Көбіне алғашқы 20% әрекет жұмыстың нәтижесінің 80%-ына қол жеткізеді. Басын бастап алыңыз, ары қарай жалғастыру жеңіл болады.
  4. Алдағы тапсырмаңызды бөлімдерге бөліп алыңыз. Кейде ауқымды жұмысты бөлімдерге бөліп алып, аз-аздан орындап отырып алға жылжу ол тапсырманы аяқтаудың таптырмас жолы бола алады.
  5. Жұмыс уақытыңызда бес минуттық үзілістер арнап, ол сәттерде қысқа уақытта жасалатын істерңізді бітіріп алуға пайдаланыңыз. Солайша жалпы жұмысты жайлап бөліп-бөліп аяқтайтын боласыз.
  6. Жұмысты кейінге қалдыруға бейімділіктен арылу үшін алдымен жеңіл әрі көлемі шағын істерден бастаңыз. Бұл алғашқы қадам жасап алып, кейіннен қиынырақ істерге кірісуге мүмкіндік береді.
  7. Кей-кейде керісінше ең ауыр істен бастау да қажет болады. Ең көп уақыт алатын жұмысыңыздан бастап атқаруға өзіңізді көндіріңіз. Оны аяқтаған соң басқалары анағұрлым жеңіл болатындығына көзіңіз жетеді.

Бастау – істің жартысы.

(Грек мақалы)

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Просмотров: 286 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: