19:10
Уақытыңды басқар

АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР

  1. Оқыс жағдайлар

Уақытты ұрлайтын келесі фактор – оқыс жағдайлардың орын алып, оны түзетуге тура келуі. Енді ғана жұмысқа бар ынтаңызбен кірісе бергенде кенеттен оқыс жағдайлар орын алып, сіздің бірнеше минутыңызды, не бірнеше сағатыңызды, тіпті одан да көп уақытыңызды алуы ғажап емес.

Мұндай жағдайлар орын алғанда төмендегі әрекеттерді жасаған жөн:

  1. Әрекет етпес бұрын ойланыңыз. Барлық сәтсіздіктің себебі – ойланбай жасалған әрекет екенін есте ұстаңыз. Салқынқандылық сақтай отырып, болған жағдайды толық анықтаңыз. Шешімін табу үшін мәселені анықтап алу қажет.
  2. Жауапкершіліктерді бөліп беріңіз. Мүмкіндігі бар адамдарға бөліп берген кезде әр адам шамалы ғана уақыт пен аз күш жұмсай отырып, жағдайды орнына келтіре алады.
  3. Болған жайды қағаз бетіне түсіріңіз. Осылай ету парасаттылық пен сабырлылық сақтауға көмектеседі.
  4. Мәліметтерді жинақтаңыз. Құрғақ болжамдармен шектелмей, нақты деректерді анықтай білу – кез келген мәселенің шешімін табудың басты жолы.
  5. Әдіс-тәсіл ойлап табыңыз. Егер қандай да бір қиындықтың орын алуы қайталана беретін болса, барлығы түсініп қолдана алатындай түрде оның шешім жолы мен әдіс-тәсілін ойлап табыңыз.

Мұндай төтенше жағдайдар әркімнің басында болуы мүмкін болғандықтан, іштей және сырттай ондайға дайын болған жөн.

«Сақтап қалуға бар күшіңді жұмсауға тұрарлық ең бағалы нәрсе – уақыт. Алайда ең оңай айырылып қалып жатқан нәрсең сол екенін көруге болады».

Яхия ибн Хубәйра

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Просмотров: 291 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: