12:01
Уақытыңды басқар

АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР

  1. Күтпеген қонақтар

Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін. Бұл қонақтар сіздің әріптестеріңіз не сырттан келген таныстарыңыз болуы мүмкін. Олар қалаған уақытында келіп, сіздің көңіліңізді жұмысыңыздан басқа жаққа бұрып әкетіп, ойлау жүйеңізді бұзып, жұмыс өнімділігіңізді төмендетеді. Кейде мұндай қонақтар сағаттап үзіліссіз әңгіме айтуы да мүмкін.

«Ұрылардың ең зияндысы – уақытымызды ұрлаушылар. Себебі ұрының ұрлаған әрбір затын қайтаруға мүмкіндік бар, алайда уақытты ұрлаушылардың ұрлағанын қайтару еш мүмкін емес».

Гете

Мұндай уақытты ұрлаушылардан сақтану үшін мына төмендегі бес кеңеске назар аударыңыз:

  1. Сізді ешкім мазалай алмайтын уақыттар белгілеп қойыңыз. Ол уақыт жайлы айналаңыздағыларды хабардар етіп, төтенше жағдайлардан басқа уақытта мазаламауын ескертіңіз.
  2. Келген қонаққа уақыттың аздығын, жұмыстың көптігін айтып жағдайыңызды түсіндіріңіз.
  3. Бос әңгімелерді доғаруды үйреніңіз. Талқыланып жатқан жайттың нүктесін қойып, қонағыңызбен қоштасып, жұмысыңызға оралыңыз.
  4. Қонақтарды қабылдайтын арнайы уақыт белгілеңіз. Кездесулер жайында алдын-ала келісіп алуға тырысыңыз. Әріптестеріңізге де белгілі бір уақыттарда есігіңіз ашық болатынын хабарлаңыз.
  5. Басқалардың уақытын ұрламаңыз. Басқаларға күтпеген қонақ болып бармаңыз. Жұмыстарыңыз болатын болса, сыпайы түрде рұқсат сұраңыз. Мұнда да алдын-ала келісіп алғандарыңыз жөн.

Егер сіз өз жұмысыңыздың өнімділігін арттырғыңыз келсе, айналаңыздағы адамдар сізді басқалардың уақытын ұрлаушы ретінде санамайды ма, соны сұрап біліңіз. Шынайы жауапты естуге дайын болыңыз. Олар сізге қалай жауап бергеніне қарамастан, өзіңізді ақтамаңыз. Үнсіз тыңдап, алғысыңызды білдіріңіз. Кейін айтылғандарды қорытындылап, өзіңізбен жұмыс істеуге тырысыңыз.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Просмотров: 315 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: