11:17
Уақытыңды басқар

УАҚЫТТЫ ЖОҒАЛТПАУ

«Біздің иелігіміздегілердің ешқайсысы бізге тиесілі емес. Бізге тиесілі болған уақыт қана. Тек қолымыздан шығып кете беретін уақыт қана біздің иелігімізге берілген – Жаратқанның сыйы. Алайда оны да кім көрінген алып қоюда».

Луиий Сенека

Уақытты ұрлаушылар – жүйелі түрле дұрыс ұйымдастырылмаған істер.

Уақыт ешкімге жетпейді, тіпті қарап жатқан жалқауға да, мамық төсекте жатып, күні бойы теледидар көретін адамға да.

Алайда ешкім уақытының қайда кетіп жатқанын есептемейді. Ақшасын қайда жұмсағанын соңғы тиынына дейін айтып бере алуы мүмкін. Ал уақытының қанша бөлігін шығармашылыққа, білім алуға жұмсағанын, қанша бөлігінің бос өткенін, неліктен көп уақытын теледидар мен жол «жегенін» кім айта алар екен?

Ал адамзаттың ысырапқа ең көп жол беріп жатқан мәселесі – уақытты пайдалану тұрғысында. Уақыт ысырабы деген мына үшеуінен тұрады: еш нәрсе істемеу, істеу керек нәрсені істемеу, істемеу керек нәрсені істеу.

Питер Дракер осындай уақытты жоғалтуға алып келетін жайттарды санамалап береді: уақытынан ұзаққа созылған жиналыстар, ақпарат және байланыс жүйелерінің жұмысының ақсаңдауы, қажетсіз телефон қоңыраулары, газет-журналдар оқу, шамадан тыс жұмысбастылық, жүйесіз басқару және жеткіліксіз ұйымдастыру, күтпеген қонақтар, шешім қабылдау барысында күмәндану, қателік жасауданқ орқу, жұмысты маңыздылығына қарай дұрыс реттемеу, жұмыс барысындағы қажетсіз үзілістер, ұжымдық әрі жұмыс орнындағы іс-шаралар, толыққанды ойланбай және жоспар құрмай жұмысқа кірісу, бір істі аяқтамастан басқасына ауысу, маңызы әлдеқайда төменірек істерге байлану.

Сонымен бірге бірқатар ішкі факторлар да адамның уақытынан айырылып қалуына әкеліп соғады: бір уақытта бірнеше істі бірден атқаруға тырысу, уақытты дұрыс есептемеу, істі кейінге қалдыру, нашар ұйымдастырушылық, дұрыс тыңдамау, барлық істі жалғыз орындауға тырысу, «жоқ» деп айта алмау, кейбір істерді басқаларға бөліп бермеу, жауапкершілікті дұрыс бөле алмау, асығыс шешім қабылдау, күйзеліс, жоспар құрмай тек есте сақтау қабілетіне сену.

«Басқа біреуге «жоқ» деп айтуың өзіне «иә» деп айтумен бірдей».

Хелена Ленер

Осы және өзге де өмірімізде кездесетін уақытымызды «жұтып қоятын» жайттарды анықтап, олармен күресіп, тамырымен жоюға тырысып, алда өмірімізге қайта бас сұғуына жол бермеуге барымызды салуымыз қажет. Себебі уақытын басқара алған жан ғана өмірін басқара алады. Жеңіске жетушілер уақытын өз қолына алады. Ал жолы болмаған бейшаралар уақытын басқалардың талан-таражға салуына жол беріп қойып қол қусырып отыра береді. Сондықтан уақытымызды ешкімге ұрлатпауымыз қажет әрі өзіміз ешкімнің уақытын ұрламауымыз керек. Надан, ақымақ, ойсыз адамдармен бірге уақыт өткізбеуге барынша тырысу қажет, себебі одан уақытымыз ғана емес, жүрегіміз де «өледі».

Жетістікке жеткен атақты адамдардың өміріне көз салар болсаңыз, сахарада жүрген жолаушының суын үнемдегеніндей олардың өз уақытын үнемді пайдаланғанына куә боласыз.

Сіз – өз уақытыңыздың қорғаушысысыз. Ал уақытты ұрлаушылар қорғаушылармен таласқа түседі. Соңында міндетті түрде біреуі жеңіске жетеді. Не сіз ол ұрлаушыларды, не олар сізді ашса алақында, жұмса жұдырығында ұстайтын болады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 318 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: