12:03
Уақытыңды басқар

АЗ ІС – ҮЛКЕН НӘТИЖЕ

Кез келген істі аз-аздан болса да тұрақты түрде атқаруды жалғастыру адамға ауқымды жұмыстарды да бітіре алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы ісімізді кейінге қалдырмай, мүмкіндік береді. Сол арқылы ісімізді кейінге қалдырмай, дер кезінде орындауды үйрене аламыз.

Тайм-менеджмент «дастарханы» деген атаумен осы құнды әдетті қалыптастыратын қағидаларды назарларыңызға ұсынамыз:

 

  1. «Пілді кесек еттерге бөлу»

орындау керек тапсырма ауқымды әрі маңызды болып, бірақ жедел болмаған жағдайда адамның оны орындауға өз-өзін көндіруі қиынға соғады. Мұндай істерді тайм-менеджмент тілінде «пілге» теңейді.

Піл – ауқымды, ауыр, көп тер төгуді қажет ететін, көбіне жалықтыратын әрі белгілі орындалу мерзімі болмайтын істер.

Мұндай істердің мысалы төмендегідей:

  • Диссертациялық жұмыс жазу;
  • Үйге жөндеу жұмыстарын жазу;
  • Шет тілін үйрену;
  • Дене бітімін қалыпқа келтіру;
  • Денсаулығын жақсарту;
  • Ғылыми жобамен айналысу;
  • Кітап жазу;
  • Құран жаттау.

Адам баласы көбіне түймедейді түйедей қылуға бейім болғаны секілді мұндай істерді де қиындатып, «пілді» барынша үлкейтіп, орындап бітіру мүмкін еместей қылып елестетеді.

Мұндай ауқымды істерді орындауды қиындататын ең басты мәселе – нәтиженің бірден болмауы. Адам бірнеше қадам жасағаннан соң бірден нәтижесін көре алмаған кезде ол нәтиженің болатындығына сенімі де сөне бастайды. Онымен бірге қорқыныш та пайда болады. Солайша мақсатына жетуді мүмкін еместей көре бастайды.

Мұндай қорқыныш пен үмітсіздіктен арылып, ауқымды тапсырманы аяғына дейін жеткізіп, «пілді» толықтай жеп тауысудың ең дұрыс жолы – оны кішкене «кесек етерге» бөліп, күнделікті бір бөліктен «жеп отыру». Әрбір бөлігі бір күнде орындалуы мүмкін көлемде әрі бірте-бірте бізді алға қойған мақсатқа жақындата түсетін болуы шарт. Ол үшін бұл бөліктер SMART қағидасына сай бөлінген болуы қажет:

  • Specific – нақты;
  • Measurable – өлшеуге болатын;
  • Achievable – қол жетімді;
  • Relevant – маңызды;
  • Time bound – уақытпен шектелген.

«Алдымен жасау қажет ең басты әрекет – жоспар құру. Одан соң жасалатын істердің мардыммсыз көрінгеніне қарамастан, жоспар бойынша әрекет етуді жалғастыру».

Чарльз Линдберг

Осылайша ауқымды істі күнделікті (апталық) орындау қажет кішкене бөліктерге бөлу арқылы оңай аяқтай аламыз. Жалпылама түрде тапсырманы орындау қажет деп қана қоймай, күнделікті белгілі бір бөліктерін орындауды мақсат тұтамыз.

 

  1. «Швейцариялық ірімшік»

Ауқымды істерді орындауға мүмкіндік беретін екінші бір жол – «Швейцариялық ірімшік» деп аталатын әдіс. Бұл әдіс бойынша әрекет еткенде пілді кесек еттерге бөлгендегідей белгілі бір тәртіппен қадам баспай, ауқымды істің кез келген мүмкіндік болған тұсынан аз-аздан орындап отырады. Солайша құдды бір ірімшікке тесіктер жасағандай немесе кішкентай бөліктен тістеп-тістеп жегендей азайтып отырып, соңында барлығын же тауысу жеңіл болады. Күнделікті (апталық) орындалатын істің мөлшерін белгілеп, бос уақыттарда жасап қоюға болады.

 

  1. «Құрбақаны жеп қою»

Өмірде ауқымды тапсырмалармен қатар көлемі жағынан кішкене ғана болғанына қарамастан, орындалуы жағымсыз не жалықтырушы істер де болады. Көбіне мұндай істер көп күш пен ақыл-ойды талап етпейді. Осындай көлемі шағын ғана, орындалуы ұзақ уақыт пен көп күш алмайтын, бірақ жағымсыз көрінетін істерді «құрбақа» деп атайды.

«Құрбақа» сипатындағы жағымсыз істердің ең басты белгілері:

  • Орындау бізге жағымсыз не жалықтырушы болып көрінеді;
  • Ондай істі бірден орындауға құлшындыратын себеп табу қиынға соғады;
  • Ал шындығына келгенде еш қиындығы жоқ.

Әдетте, мұндай жағын істер алдымен «түске қарай», одан соң «түстен кейін», одан кейін «кешке жақын», ақыр аяғында «ертең» деп кейінге қалдырыла береді. Осылай «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, күннен күнге, аптадан аптаға шегеріліп жалғаса береді. Сол шағын ғана істерді неге дәл қазір орындай алмайтынымызға көптеген сылтаулар ойлап табамыз. Уақыт өте келе біздің «құрбақамыз» «пілге» айналып кетуі д ғажап емес. Солайша ол іс енді көбірек күш пен ұзағырақ уақыт талап ететін болады.

Аз жұмысты қиынсынсаң,

Көп жұмысқа тап боласың.

(мақал)

Көбіне өзімізді қолға алып, кішкене ғана бір қадам жасайтын шақта ойымыздағы «жасау не жасамау» деген талас-тартыс үшін ең қараапйым шешімдерді де қабылдай алмай жатамыз. Бар күшімізді алатын іштегі күрес жалғасқан сайын әрекет етіп алғашқы қадамды басуға деген қауқар қалмайды.

Испандықтарда мынадай мақал бар: «Күнделікті таңертең бір құрбақадан жеп отыр». Мұндай істерді атқарудың ең тиімді жолы – күнделікті таңертең бір шағын жағымсыз істі орындап отыру. Күнімізді шағын ғана істі тамамдаумен бастау арқылы күн ұзаққа жақсы көңіл-күйде жүруге мүмкіндік аламыз. Бір күнде «бір құрбақаны» жеңу арқылы жеңістің дәмін татып, көңілді жүреміз. Басқа «құрбақалардың» кезегі келесі күндері келетіндіктен, оларды ойлап қам жемейміз. Ал егер кейінге қалдыра беретін болсақ, әрдайым «құрбақа» көз алдымызда тұрып, бар көңіл-күйімізді бұзатын болады.

«Құрбақаға» теңелген шағын істерді уақыт оздырмай тындырып алудың пайдалары:

  • Күні бойы өзіңді жеңімпаз сезінуге мүмкіндік береді.
  • Мазасыздық сезімінен арылтады: «құрбақаны» «жеп қойған» соң ол көз алдымызға келіп, көңіл-күйді бұза алмайды;
  • Уайым мен үрейді азайтады: жағымсыз іспен айналысып жатпағанын ұғындырады;
  • Бар күшті күмәнға, уақытты уайымға шығындамай, тезірек шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
  • Шағын істердің ауқымды жұмысқа айналып кетуінің алдын алады.

«Жеңіл істерді кейінге қалдыру оны күрделі іске айналдырады, ал күрделі істерді кейінге қалдыру оны орындауды мүмкін емес қылады».

Джордж Хорас Лоример

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 314 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: