13:34
Өткен апта тынысынан
* 19 қыркүйекте мектеп бойынша 5-8 және 9-11 сыныптар оқушылары арасында күзгі кросс жарыстары өткізілді. Бас-аяғы үш топ жарысқа түсті. Оның алғашқылары 6-11 сыныптарда оқитын қыз балалар болды. Шарт бойынша олар 1 шақырымдық қашықтықты бағындыруы тиіс екен. Аталмыш қашықтық басында ылди, артынша тегістеу, аяғында дөңес болып сан құбылды. Нәтижесінде, 1 орынды 8 сынып оқушысы Садуақасова айнұр еншілесе, екінші орынды 9 сынып оқушысы Қожина инсана бағындырды, ал үшінші орынды өз қанжығасына 8 сынып оқушысы Рыбалевская яна байлап әкетті. Екінші топ жүгірушілер 5-8 сыныптарда оқитын ұлдардан құралды. Олар өз кезегінде бір шақырымдық сын шеңберін екі рет айналып шығулары керек болды. Мәре сызығын жеңімпаздар мынадай ретпен қиды: 1. Шаймұрат Айбарыс (7 сынып); 2.Шаймардан Ермұрат (7 сынып); 3.Нұрмақин Ермек(Нұрлан) (8 сынып). Ал үшінші жүгірушілер 9-11 сыныптардағы бозбалалардан жасақталды. Бір шақырымдық сынақ шеңберін үш рет айналып шығу тапсырылды. Қорытынды есеп бойынша, бірінші тұғырға 11 сынып оқушысы Мұғалімханов Жақсылық көтерілсе, екінші тұғыр 10 сынып оқушысы Қазбеков Мағжанға бұйырды, ал үшінші тұғырға 11 сынып оқушысы Жанпейісов Әділ орналасты. Жүйріктерден мектеп құрамасы жасақталып, аудандық жарыстарға қатысады. ("Фотоальбомы" парағында фотосуреттер бар).
 
** 21 қыркүйекте аудан орталығындағы Мәдениет үйінің сахнасында ҚР халықтары тілдері күні мерекесіне және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған "Тіл - достық құралы" атты шара өткізілді. Аудан әкімі қатысқан бұл шараға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраһим Б.К. арнайы шақырылды. Ауданда қазақ тілі дамытуға қосып жүрген үлесі үшін Бегімхан Керімханұлы аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, жастар саясаты және спорт бөлімінің бастығы Әбетжанов Д. Алғыс хатымен және естелік сыйлығымен салтанатты түрде марапатталды.
 
** 23 қыркүйекте орыс тілінде білім алатын және басқа ұлт өкілдері балалары болып табылатын 7-10 сынып оқушылары құрамасы жылдағы аудандық қазақ тілінен "Ай, жарайсың!" байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды еншілеп қайтты. Мынадай оқушылар қатысты: Исикеева Милани, Исикеева Карина, Молокова Александра, Рыбалевская Яна, Смакотина Евгения, Кириченко Александр, Важниченко Максим. Оларды қазақ тілі мұғалімдері Белгібаева А.М. және Құсманова Б.М. дайындады.
 
*** 24 қыркүйекте бүкіл мектеп республикалық сенбілікке қатысты.
Просмотров: 854 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: