10:19
Тіл - күретамыр

ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Мәдениетке қатысты барлық мәселелердің өзектілігі бүгінгі таңда адам нанғысыз өткір сипат алды. Түрлі халықтың мәдениетін зерттеу – мәдениеттану пәнінде басты мәселеге айналды.

Бұдан сәл ғана бұрын бұл мәселеге тарих, философия, филологияның бір бұрышында болмашы ғана орын беріліп еді. Қазір оны Ресей жоғары аттестациялық комиссиясы ғылыми мамандық ретінде айқындап отыр, мәдениеттану пәні бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау үшін мамандандырылған ғылыми кеңестер құрылды; мәдениеттер диалогі мен шиеленістері тақырыптарында мақалалардың көбеюі; мәдениет мәселелерін зерттеушілердің басын біріктірген қоғамдар мен қауымдастықтардың құрылуы, мәдениет мәселелері бойынша конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар санының күрт артуы; мәдениеттану мен антропологияның барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар даярлаудың оқу жоспарына, тіпті орта мектеп бағдарламасына енуі; жоғарыда аталып өткендей, С.Хангингтонның үшінші дүниежүзілік соғыс жайында: «Бұл мәдениеттер мен өркениеттердің соғысы болады» деген белгілі болжамы – мұның бәрі мәдениет мәселелеріне деген ерекше ықыластың көрінісі.

Өкінішке қарай, осындай өзге мәдениетке деген ерекше ықыластың артында өз мәдениетін өзгелердің тәжірибесі мен ерекшеліктері арқылы байыту секілді игі және жасампаз мақсат қана тұрған жоқ, сонымен қатар өзге де көңілсіз әрі алаңдатарлық тәжірибелер де кездеседі.соңғы жылдадағы әлемдік деңгейдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық күйзелістер елдердің көшіп-қонуын, араласуын және шиеленістерін адам айтқысыз уүшейтіп жіберді. Бұл, әрине, мәдениеттер қақтығысына әкеп соғары даусыз.

Сөйте тұра, ғылыми-техникалық прогресс және адамзаттың бейбітсүйгіш, саналы бөлігінің күш салуымен, коммуникация бойынша мәдени әріптестерге құрмет, төзімділік, әдени диалог, өзара түсіністік тиімділігінің басты шарты – қарым-қатынастың барлық жаңа мүмкіндіктері мен түрін, формасын ойлап табуда.

Осының барлығы – көңілге күдік ұялатары да, сенім ұялатары да – мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аудартуға түрткі болды. Дегенмен де,бұл мәңгілік мәселелер адамзатты өте ерте заманнан алаңдата бастаған. Дәлел ретінде бір мақалды еске түсіріп көрелік. Мақал-мәтелдер халық даналығының қаймағы екені тегін емес. Сөйтіп, ол тіл арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халықтың мәдени тәжірибесіне айналып отыр.

Күні бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған, әлі де қолданыстан түспеген «Бөгденің шіркеуіне өз заңымен бармайды» деген орыс мақалы бар. Оның ағылшын тіліндегі баламасының мағынасы «Римге келгенде, римдіктер сияқты бол» деп сөзбе-сөз болмаса да, сол мағынаны беріп тұр. Яғни екі тілде де халық даналығы қазір мәдениет қақтығысы деген терминмен әдіптелген шиеленістерге жол бермеуге тырысады.

Бұл сөз тіркесі, өкінішке қарай, жоғарыда айтып өткен әлеуметтік-саяси және экономикалық секілді көңіл қынжыларлық себептердің салдарынан «сәнге» айналды. Көптеген босқын, иммигранттар, репатрианттар тіпті «бөтеннің ережелері» қақтығысынан зардап шегуде.

Мәдениеттер қақтығысы дегеніміз не? Неге мәдениеттер соғысы туралы айтатын болдық? «Сөзді жақсы көре отырып», жауапты тілден іздеуді ұсынайық.

Сайып келгенде, әуелі сөз болды, сөз бар, бола бермек, соңында да сөз қалады. (жалғасы бар)

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 270 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: