16:42
Тамыз конференциясы қарсаңында

МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ МЕНЕДЖМЕНТТІК МӘДЕНИЕТІ

Әлбетте қандай да болсын жалпы орта я негізгі орта білім беру іс-қайраткерлікте мектеп басшысының басқару қызметінің тиімділік көрсеткіштері біліктілік дәрежесі тұрғысынан критерийлік-рейтингілік сүзгімен өлшемдене мониторингіленеді. Демек замана тілімен әспеттегенде менеджерлердің менеджменттік мәдениеті жан-жағынан төбе көрсетеді. Бүтінді бөлшектеп көрелік.

Әкімшілік-басқару мәдениетіндегі қызметті жүзеге асыру біліктілігін:

1.      Ақпараттарды жинау және өңдеуде – ақпараттарды жинау мақсатын анықтау; ақпарат мазмұнының талдау мақсатымен сәйкестілігі; мектепішілік ақпарат жүйесін құру (жедел, тақырыптық, қорытынды); түскен ақпараттың толықтық, уақытқа сайлық, шынайылық дәрежесі; ақпараттарды жинау және сақтау формаларын стандарттау; ақпараттарды жүйеге келтіру, өңдеуде компьютерді пайдалану;

2.      Педагогикалық талдауда – педагогикалық үрдістердің негізгі бөлімдерін қамти отырып талдау; педагогикалық құбылыстарға жүйелі талдау жасау біліктілігі; жүйедегі және оны басқарудағы кемістікті анықтау; басқарылатын жүйені дамытудағы басты қарама-қайшылықтарды айқындау; басқару мақсаты мен нәтиже арасында байланыс орнату;

3.      Жоспарлауда – диагностика негізінде алда тұрған қызмет мақсатын анықтау; қызметтің әр кезеңі бойынша негізгі бағыттарды анықтау, міндеттер белгілеу; мақсатқа жетуде қызмет мазмұнын, әдістерін, формасын, құралдарын таңдау; мақсатты құру қабілеті (мектептің, әдістемелік бірлестіктер, сынып жетекшілер және т.б. жұмыс жоспарларының өзара байланысы);

4.      Бақылау және түзетуде – мақсатты және нәтижені салыстыру; мектепті дамыту жолының кейбір ауқымын айқындау; педагогикалық үрдістерді түзетуге байланысты шараларды дайындау;

Мектепті дамыту бағдарламасын жасау біліктілігін – басқарылатын жүйенің жағдайына проблемалық талдау жасауды жүзеге асыру; проблемаларады талдауда айқындалғандарды шешуді жүзеге асыру жолдарын іздестіру және оны бағалау; мектептің миссиясын анықтау (қандай мақсатта, қандай құрамдағы тұлғаларға арналған); мектепті дамытудың тұжырымдамасын, бағдарламасын құру, оны стратегиялық дамытудың мақсаты мен міндетін белгілеу; мектепті дамыту бағдарламасын жасауда әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық принциптерді анықтау; мақсатты-бағдарлы басқаруды жүзеге асыру; дамытудың негізгі кезеңдерін және әр кезеңнің міндеттерін анықтау; бағдарламаны құру кезеңіне, сондай-ақ оны жүзеге асыруға педагогикалық ұжымды қатыстыру; мақсаттың нақты қойылуы және оған орындаушылардың қатысын зерттеу, бақылау жасауды жүзеге асыру; мектептің типіне, оның ерекшелігіне байланысты басқару тұжырымдамасын жасау;

Басқарушылық шешім мәдениеті біліктілігін – проблеманы өз уақтысында және нақты қою, проблемалық жағдаяттарды айқындау және белгілеу; проблеманы диагностикалық сараптау; қабылданған шешім үшін өлшемдер белгілеу; шешім қабылдауда ұжым мүшелерін тарту, шешімді орындауға міндеттеу; басқарушылық шешім қабылдауда ақпараттармен қамтуды жүзеге асыру; мүмкін болатын баламалар табу және бағалау; ұжымдық талқылау жағдайында шешім қабылдау (пікірталас, миға шабуыл, іскерлік ойын және т.б.); өзінің лауазымдық міндеті және кәсіптілігі негізінде жедел басқарушылық шешім қабылдау; орындаушыларға қабылданған шешім жайлы айқын тапсырма беру және уақтысын көрсету; қабылданған шешімнің жүзеге асуына педагогикалық ұжымды жұмылдыу және оң көзқарас қалыптастыру; қабылданған шешімді орындауды аяғына жеткізу және бақылау;

Инновациялық қызметті дамыту, оны басқару біліктілігін – білім беру үрдісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін перспективалық идеяларды басшылыққа алу; жұмысында жаңашылдықты меңгеруге педагогикалық ұжымды құлықтандыру және жұмылдыру; жаңалықты енгізуде ақпараттандыруға қолдау көрсету; бағалау қабілеті: жаңалықты меңгеруге педагогикалық ұжым қаншалықты күш жұмсайды, қандай қиыншылықтар болуы мүмкін, жаңалықты меңгеру үрдісінде мұғалім қандай білімдер мен біліктерді білуі тиіс; мұғалімдер белсенділігін марапаттау, шығармашылық зерттеушілікке, эксперименттік және жоғары нәтиже беретін топтар құру; педагогтарға, сонымен қатар жаңашылдықпен айналысушыларға өз уақтысында және кәсіптік көмек беру; психологиялық сипаттағы кедергілері бар мұғалімдерге көмектесу;

Басшының кәсіби-педагогикалық мәдениеті біліктілігін – педагогикалық үрдісті жүйелі, тұтас көру; ғылыми тұрғыда педагогикалық үрдіске тұтас талдау жасау, оны ғылыми негізде құру, ұйымдастыру; педагогикалық үрдісті құру үшін неғұрлым болашақты тұжырымдамасын және технологияларын таңдап алу, салыстыру, талдау; мектептің оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқулықтарды, көмекші құралдарды талдау; пәнді оқытудың кәсіби шеберлігін, қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеру; мұғалімдерге кәсіптік әдістемелік көмек көрсету; сабақты ғылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік тұрғыда талдау; сабаққа бақылау және талдау жасау бағдарламасын құру; мұғалімнің тұтас кәсіби қызметіне диагностика жүргізу; тәрбие жұмысының жүйесіне талдау жасау;

Мектеп басшысының әлеуметтік-психологиялық мәдениеті біліктілігін – ұжымның бірлігін және тұтастығын қамтамасыз ету, оларды мектептің мақсатына жетуіне бағыттау; қызметкерлердің субъективті талаптарына сыртқы мақсатқа сәйкестендіру әдістерін табу; ұжымның мақсатты-нормативті бірлігін құру; басшы айналасына шығармашыл педагогтарды біріктіретін, ұжымды әлеуметтік-педагогикалық жүйеге айналдыруға қабілеттендіретін педагогикалық идеяларды, тұжырымдаламарды ұсыну; тәжірибелі, жоғары білікті педагогтардан, пікірлестер ұжымын құра алатын қызметкерлер тобынан актив құру; өзіндік даму режиміне бірте-бірте көшуге ұжымды дайындауға ынталандыру; ұжымның байланысын нығайтатын мектеп дәстүрін сақтау және дамыту;

Ұжымды құлықтандыру біліктілігін – мұғалімдердің еңбектерінің оңды жақтарын ынталандыру; еңбек ету үрдісі кезінде педагогтардың өзін жетілдіру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; еңбекте табысқа жету жағдаятын құру; өнімді еңбек қызметіне қолдау көрсету; мұғалімдедің өзіндік ізденістеріне қолдау көрсету; авторлық бағдарламалар дайындау, өз жоспарын қорғау, әртүрлі шығармашылық формалар, т.б. кәсіби мақсаткерлікті көрсететін жағдайларды марапаттау; диагностика және рефлексия негізінде мұғалімдердің өзіндік бағалау қабілеті; кәсіптік қарым-қатынас жүйесінде шығармашылық ізденіске түрткі болатын педагогтармен бірге шығармашылық климат құру; оқыту және жұмыс жасауда комфортты материалдық кеңістік құру;

Басшының қарым-қатынас мәдениеті біліктілігін – көзін жеткізу әдістерін тиімді пайдалану; іскерлік пікірлерді марапаттау және оларға басшылық жасау; ұжымға, адамға әсер ететін тиімді әдістерді қолдану; мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналарамен қарым-қатынас жасау стильдерін жүйелі пайдалану; жағдаятқа байланысты басқаруды икемді өзгерту; эмпатияға қабілеттілік (басшының көзімен жағдаятты көре білу, тыңдай білу, түсіне білу, т.б.); рефлекцияға қабілеттілік, қоршаған ортаның өзі, өзінің қызметі туралы пікірін есепке алу; қарым-қатынасқа қызығушылығы: қарым-қатынастағы іскерлік бейімі, байланыс жасау қабілеті, жағдаяттарды шешу дайындылығы, т.б.; сұхбаттасушыны көңіл қойып тыңдай білу, ойын ашық айтуға мүмкіндік жасау; кез келген жағдаятта әріптестермен тіл табыса білу; өзара түсіністік жағдайында кездесетін психологиялық кедергілерді жоя білу; өзіндік ұстамдық көрсете білу; күш түскен жағдайда эмоциялық тұрақтылықты таныту; қарым-қатынаста өзіне тұрақты бақылау жасау; вербальды емес ақпарат көздері арқылы сұхбаттасушыны зерттеу; өзара қарым-қатынасты ретке келтіру; қызмет стилін, жағдаятқа және сұхбаттасушының эмоциялық-психологиялық жағдайына байланысты қарым-қатынасты үйлестіру; қажет жағдайда еріктілік қасиеттер көрсете білу: «жоқ» дегенді батыл айта білу, ұжым, мектептің ісі үшін күш салу;

Мектеп басшысының тұлғалық қасиеттері біліктілігін – мұғалімдердің еңбегін бағалаудағы объективтілік; адамдармен қарым-қатынастағы мейірімділік; әріптестердің оңды жұмыстарын байқай және атай білу қабілеті; кемшіліктерді көре білу және ешқандай зілсіз сынай білу қабілеті; әріптестермен қарым-қатынаста жылылық таныту қабілеті; қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін көре білу қабілеті; әріптестердің жекелік-психологиялық ерекшеліктерін түсіну және оны есепке алу қабілеті; психолого-педагогикалық такт; сыни тұрғыда ойлай білу; әрекеттері, сөздері, сондай-ақ вербальды емес ақпараттар көмегімен адамдарды зерттей, бақылай білу білігі; әріптестерін шығармашылыққа жетелеу қабілеті; мұғалімдер тарапынан болатын сын-ескертпелереді тыңдай білу және өз кемшіліктерін түсіну біліктілігі – деп шұбалана тізбелген критерийлер арқылы бес, үш, бір өлшемімен сатылана төмендейтін біліктілік дәрежесі арқылы өзін-өзі бағалауға кәсіби тұрғыдан әбден болады. Сонда ғой мектептегі менеджердің менеджменттік мәдениеті қаншалықты салмақты екенін болжап-бағдарлауға көз жетеді.

Жоғарыда әңгіме болған біліктіліктер панорамасы қандай да бір жаңалық емес. Сара жолға әлдеқашан түсіп, мектеп басқару үрдіс-үдерісін оңтайландыруда тәжірибе сүзгі-елегінен өтіп, іс жүзінде өзін ақтады да. Мұндағы мақсат – болғанның барын тағы бір мәрте әрлеп, шаңын бір қағу. Бәлкім, тәжірибелі һәм жаңа басшыларға шапағаты тиіп қалар.

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББМ оқу істері меңгерушісі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы   

Просмотров: 1675 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: