18:05
Тағылымды тарих

ЕЛ-ЖҰРТ ЖАДЫНДАҒЫ ЗАҢ БАПТАРЫНАН

  1. Халықтың салт-дәстүрін бұзғандар заңды бұзған ретінде жазаланады.
  2. Қарызға алынған мал жыл өткен соң төлімен қайтарылады.
  3. Ұрғашы мал еркек малдан гөрі қымбат бағаланады.
  4. Қонақ қондырмағанға айып бар.
  5. Қонақасыны дұрыс бермегендер – жазаға лайық.
  6. Ауқатты адамдар кедейге жәрдем беруге міндетті.
  7. Малды және басқа жануарларды зәбірлеу – қылмыс.
  8. Әдеп, тәртіп бұзғандарға жаза бар.
  9. Тентекке әке-шеше ғана емес, бүкіл ауыл, ақсақал жауап береді.
  10. Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді.
  11. Оң жақта отырып екіқабат болған қыз қалыңсыз беріледі.
  12. Некесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.
  13. Қарабет болған қыздың бұрымын кесіп масқаралайтын да заң бар.
  14. Некесіз туған бала – арамзада, мезгілсіз туған төл – арамза.
  15. Малдың өрісін, жусауын бұзғанға – айып.
  16. Екі адамның бірі боранда үсіп өлсе, оның жанындағы қасқыр ішікті адам құн төлейді. (Өйткені, бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді).
  17. Тәртіпсіз шәкіртке дүре соғылады.
  18. Еңбегі үшін әркім ақы сұрауға хақылы. Бірақ асарда, үмеде ақы сұрауға болмайды.
  19. Өртке, апатқа ұшыраған отбасына ауыл, көрші-қолаң көмек (ақшалай, заттай, малдай) беруге міндетті.
  20. Еркек қынсыз, пышақсыз, бәкісіз жүруге болмайды.
  21. Соғысқа жалғыз жігіт алынбайды. Екеу болс біреуі, бесеу болса үшеуі, сегіз болса бесеуі соғысқа (сарбаз) алынады.
  22. Жиенге сот жоқ.
  23. Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шықпайды.
  24. Әйелі қайтыс болса – ер адам жылын күтпей үйленуіне рұқсат беріледі.
  25. Жесір әйел «ерден кетсе елден кетпейді», күйеуінің аға не інісіне тұрмысқа шығуға тиіс. Егер әйел басқа біреуге кететін болса бұл «жесір дауы» заңымен шешіледі.
  26. Қалындық абыройсыз болса және ол дәлелденсе, күйеу жағы қалың малын қайтарып алады.
  27. Ұрын келіп жүрген күйеу кейін қалындығын абыройсыз деп тапса, оның бұл сөзі қабылданбайды.
  28. Отанын, елін, дінін сатқандарға, дұшпанға жәрдемдескендерді ат құйрығына байлап, азаптап өлтіретін де заң болған.
  29. Елге масқара болғанның, опасыздың, ұрының үйін ауылдан бөлек қондырған.
  30. Бір кісінің екі қызын қатар алуға (үйленуге) болмайды.
  31. Дала заңы бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқанда балалар әкесіне қалады.
  32. Дін салты бойынша еркек төрт әйел ала алады.
  33. Еркектің белсіздігі анықталса әйелдің айырылысуға хақысы бар.
  34. Әйел бала тумаса ері айырылысады және зәбірлемей төркініне еншісін беріп апарып салады.
  35. Доңыз етін жеуге тыйым салынған. Егер аштан өліп бара жатса рұқсат, бірақ алып кетуге болмайды.
  36. Өлі туған балаға ат қоймайды, намаз шығармайды.
  37. Ант бұзғанға айып бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 726 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: