21:42
Тәлім-тәрбие тағылымы

САЛТ-ДӘСТҮР – ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Кең пейілді қазақ үшін салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ықылым заманнан мәшһүр. Осынау бағыттан замана қалай құбылса да ауытқып көрмеген.

Өзіндік даму жолы даңғылданған Павлодар қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жуырда «Рухани жаңғыру» күніне арналған 5-сынып оқушылары арасында «Салт-дәстүр – қазағымның айнасы» деген тақырыпты арқалаған сайыс ұйымдастырылды. Аталмыш шара төрт бекеттен өтуден тұрды. Айталық, «Театр» бекетінде таңдалған салт-дәстүрге көрініс көрсету, «Таным» бекетінде берілген салт-дәстүрлерді сәйкестендіру, «Жұмбақ» бекетінде жасырынған салт-дәстүрді дұрыс табу, ал «Бата» бекетінде топ мүшесінің бірі білетін батасын айту көзделді.

Қызықты сайысқа өзара іріктелген төрт топ қатысты: «Аспан», «Салт», «Жұлдыз», «Дәстүр». Орта буынға енді ғана қадам жасап отырған 5-сынып оқушылары сайыс шарттарын орындауда асқан белсенділік танытты. Бойдағы қабілеттерін тиімді пайдалану жолында һәм топтың өзге топтардан озып кету бағытында аянып қалмады. Нәтижесінде, «Аспан» тобы бірінші орынды жеңіп алса, «Салт» тобы екінші орынға иелік етті, ал «Жұлдыз» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады. Барынша тырысқан «Дәстүр» тобы төртінші орынды қанағат тұтты. Осынау тәлім-тәрбиелі шара барысында тапқырлығымен, белсенділігімен, шапшаңдығымен көзге түскен Сыздықбекова Інжуді, Рамазан Марғұланды, Иманғали Фаризаны, топтарды сайысқа әзірлеген сынып жетекшілерін ерекше атап өткеніміз абзал.

  • келгенде, «Рухани жаңғыру» күніне арналған «Салт-дәстүр – қазағымның қазынасы» атты сайыс оқушылардың бойында ұлттық тәрбиенің дамуына қосылған айтарлықтай үлес болып қалыптасқаны қуантады.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 417 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: