14:46
Төл шығармашылықтың қайнар көзі

АРДА АРНАЛЫ «АҚИЫҚ АҚҚУ»

«Бұлақ көрсең, көзің аш» деген нақыл әлмисақтан халық даналығының дәлдігін дәлелдеген. Ақыл-ой таразысына салғанда, бұл айтылғанның астары тарамдалады. Бұлақ дегенің қандай да бір көркем рухани дамудың уыздай бастамасы да болады.

Әлбетте, өскелең ұрпақтың дарындылығын ашып, оны арықарай өрбіту ісіне не жетсін. Ал осынау дарын арнасы көркем әдебиетке тиесілі болғанда, оның маңыздылығы салмақтана түседі.

Өткен күндерге зер салсақ, биылғы жылдың жиырма екінші наурызында аудан орталығы Аққудағы бірегей көркем рух орнына әлдеқашан айналған дана да дара атанған хакім Абай ақынның мүсіні алаңында «Ақиық аққу» деген атқа ие болған аудандық оқушылардың төл көркем әдебиет шығармашылық орталығының тұсауы кесілген болатын. Осынау шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Құрманова А.А. арнайы қатысқан. Беташар төл туындыларын жар еткен алғашқы қарлығаштарға Айзада Амангелдіқызы дипломдар мен бағалы естелік сыйлықтарды да салтанатты түрде табыстаған. Ал сондай қажетті орталықтың ұйымдастырылуына бірден-бір мұрындық болған Лебяжі аудандық білім бөлімінің тәжірибелі әдіскері, өскелең ұрпақ жанашыры Жақыпбек Ы.А. екенін айырықша атап өткеніміз абзал. Ашылу рәсімінде әділқазылық жасаған Ырысалды Аюбайқызы төл шығармашылыққа бел буған дарынды оқушыларға сәттілік тілеген болатын. Бас бәйгені Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Тілеген Көгершін еншілеген-ді...

Содан бері жадыралы көктем жайнады, көкке оранған жаз да жарқыра           й түсті. Жуырда Лебяжі мектебінің ғимаратында осынау қанат қаға, пырақтанған орталықтың тұңғыш отырысы ұйымдастырылды. «Ақиық аққудың» алғашқы аялы құшағына ауданға қарасты мектептерден бірнеше жас өскіндей талапкер қатысуға ниет білдірді.

Отырыс үдерісінде төл көркем-әдеби шығармашылықтың қисындық өміршеңдігі, қиыннан қиыстырар жауапкершілігі, өзгеге ұқсамас бірегейлігі, төл шығармашылыққа тән тұрақтылығы, өзіндік кестелілігі жымдаса жарасқан брендлігі һәм тағы басқа мәнділігі хақында келелі кеңес жүргізілді. Оқушылар өздерінің төл шығармашылық сырларынан сыр шертті. Өздері пір тұтатын ақын-қаламгерлері турасында әңгіменің желісін ағытты.

Сонымен бірге жас ақындыққа талабын ұштап жүрген дарынды оқушылар тырнақалды туындыларын да қолтықтарына қыса ала келіпті. Халық даналығында «жол бастаудан да, қол бастаудан да қиыны шаршы топ алдында сөз бастау» екені ықылымнан аян. Дегенмен қайрат демеген жаңатаңдық Адам Аружан, Қазы мектебінен келген Қабылова Айдана, Жастілек Айгерім, танылып жүрген лебяжілік Рыстан Айнұр мен Қайрат Мақпал сынды қатысушылар төл шығармаларын мәнерлі түрде оқып, қошеметке бөленді.

«Ақиық аққу» аудандық оқушылардың көркем-әдеби төл шығармашылық орталығына ақындық һәм қаламгерлікке алғашқы қадам жасап отырған оқушылар өз тындыларын arda_akku@nur.kz электронды поштаға тәулік бойы, жылдың қандай да мезгілінде емін-еркін жолдай беруге болады. Тек тіркелген файлдар сауатты түрде теріліп, авторы айқын көрсетілсе болғаны. Сонымен қатар бұл мекен-жайға келңп түскен төл туындылар редакцияланып, өнделіп иесіне қайтарылады, республткалық, аймақтық, аудандық деңгейдегі газет-журналдарға, оқушылар шығармашылығын насихаттауға бағытталған интернет ресурстарға жөнелтіледі. Егер де төл шығармалар легі толассыз да сапалы болған шақта, жинақтар жасау, презентациялық кештер ұйымдастыру да жоспарда бар. Сәті түссе арнайы веб-сайт та ашу жоспарда қылаң беруде.

Асылында, бұл бастама бұлақтың қайнар көзіндей мөлдірлене сылдырлап, оқушылардың төл шығармашылығының ұшқындауына аз да болса септігін тигізсе деген қарапайым ниет болсын. Ыбырайша айтқанда «Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоылық».      

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Ақиық аққу» орталығының жетекшісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 789 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: