20:08
Ұстаздық еткен жалықпас...

Құрмет

АРДАҚТЫ ҰСТАЗДАР

Осындай атпен аптаның қасиетті күні жұмада Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында жоғары сыныптар оқушылары кеңесі менен орта буын оқушыларын өз туының астына жинап жүрген «Жан ұлан» балалар ұйымы өз мұғалімдеріне кәсіби мерекеге арналған концерттік бағдарламасын шын жүректен ұсынды.

Шара басында оқушылар әр ұстазға адал еңбегі үшін Құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етті. Артынша концерт сценарий бойынша сахнада қойылды. Бастауыш сынып оқушылары өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып берді. Ал ән шырқауда Батырханова Әнел, Жүнісова Әлия тамаша орындаушылық өнерімен танылды. Бидің де неше түрі сахнада әдемі шықты. Әзіл-ысқақты шағын көрініс те сәтті көрсетілді. Бір сөзбен түйгенде, көрермен болып отырған мұғалімдер де, ата-аналар да, оқушылар да дән риза болды.

Ал келесі күні оқушылар өздігінен басқару күнін өткізуді қолға алды. Әр пән мұғалімінің орнына оқушылар бір күн болсын мұғалім болып, сабақтарды өткізді. Сабақ оқытудан бір сәт болсын босаған мектеп мұғалімдері топтасып оқушылар сыныбын құрды да, қызықты сабақтарды мұғалім болған өз оқушыларынан оқыды.

Сайып келгенде, мұндай өзіндік басқару күні мектепте жақсы дәстүрге айналғаны қашан. Бұның тәрбиелік һәм тағылымдық мәні мұғалім менен оқушылар арасындағы сабақтастықта, сыйласымдылықта, құрметте жатыр.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

www.shakhibbeker.ucoz.kz

shakhibbeker@gmail.com

Просмотров: 7361 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 3.2/9
Всего комментариев: 4
4 Гауһар  
0
Өтінемін маған ұстаздар күніне арналған сценарий тауып беріңіздерші?!

3 аяжанка  
0
сценари сценари керек өтінем

2 Гульшат  
0
маган отинем ертенге дейин устаздар кунине жоспар плыз

1 Карима  
0
Маған ұстаздар күніне арналған сценарий қажет еді, үлкен кісілерге ерналған

Имя *:
Email *:
Код *: