22:56
Шұғылалы шешендік

ЖҮЙРІКТІҢ БІР МІНІ БАР

(Айтқожа шешен айтқан сөздер)

Ақсүйектің баласы

Төренің бір міні бар,

Қарашасын бірдей көрмейді,

Дәулет біткен басына.

Байлардың бір міні бар,

Ғаріп пенен нашарға,

Қайыр, ехсан бермейді.

Жүйріктің бір міні бар,

Жорғамен қатар жүрмейді,

Табан тіреп желмейді.

Жорғаның бір міні бар,

Бәйгеге қосса келмейді.

* * *

Тау белгісі тас болар,

Бай белгісі ас болар.

Азған елдің белгісі –

Бұралқысы бас болар.

* * *

Арғымақ аттың құйрығы –

Сатса – жібек, ессе – қыл.

Жақсы жігіт белгісі –

Түзде – мырза, үйде – құл.

* * *

Қошқар болар тоқтының

Маңдай жері дөң болар.

Адам болар жігіттің

Айтқан сөзі жөн болар.

* * *

Би болатын жігіттің

Төбеде болар жұмысы,

Мерген болар жігіттің

Жебеде болар жұмысы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: