23:08
Шұғылалы шешендік

ЖАР БАСЫНА ҮЙ ТІКПЕ

(Айтқожа шешен айтқан сөздер)

Жар басына үй тікпе,

Жар құласа – үй кетер.

Ала болса ағайын,

Рулы елден күй кетер.

Ағайын ала болғанда,

Ауыздағы ас кетер.

Аңдыған дұшпан күшейіп,

Жау қолында бас кетер...

* * *

Құлақтыға сөз айтсаң –

Құлағының астында.

Құлақсызға сөз айтсаң,

Құба қырдың астында.

Айтса болар ұққанға

Айтып-айтпай немене,

Екі құлағын тас қылып,

Мақта мен жүн тықанға.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: