10:17
Саулық кілті

АШЫҒУ

Ашығу дегенді денені сауықтыру, тазарту деп түсінген жөн. Бірақ емдеу емес. Біз ашыққанда, ішіп-жеген тағамды қорыту үшін жұмсалатын тіршілік қуаты енді денеміздегі улы заттарды сыртқа бөліп шығаруға жұмсалады.

Жер өңдеуге де, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен күресуде де химикаттар пайдаланылады. Соның бірі – ДДТ деп аталады. Ауылшарушылық өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектерге дейін химикаттармен тыңайтылады. ДДТ және басқа химикаттар жерге, соңынан астық өнімдеріне, көкөніс, жеміс-жидектерінің тамыры арқылы сіңеді. Дегенмен, улы заттарды азайту үшін қызанақтың сыртқы қабығын сыдырып, сәбіздің сыртын ғана тағам етіп, өзегін пайдаланбайтын да әдістер бар. Тағамдармен денеге енген уларды сыртқа шығару үшін 3-4 күн ашығуды ұмытпаңыз. Базарлардың сауда-саттық қоймасында алма, жеміс-жидек әп-әдемі болып, жылтылдап тұрады. «Бақсам бақа екен» демекші, Шолоховтың «Көтерілген тың» романында сығандар арық атты желмен үрлеп қампитып қойып, сатпаушы ма еді: сол жарқыраған әдеміліктің де жөнін білген артық емес. Шамның майымен жұқалап сылап қойса бәрі әдемі көрінеді. Ондағы балауыз өнімнің шырынын ауаға ұшып кетуден сақтайды, дәмін кетірмейді – дәмді жаңа ғана сабағынан үзіп әкелгендей көрінеді. Бірақ шамның майы мұнай өнімі екені баршаға мәлім. Ол ішке барып, ас болып сіңбейді. Сөйтіп, одан сандаған ауру пайда болады. Сондықтан оны да ашығумен ғана денеден шығара аласың.

Адам денесі жеке жасаушалардың жиынтығы. Егер біз дұрыс тамақтана білсек, тамағымыз біздің өсіп, ер жетуіміз үшін негізгі қажеттілігімізді өтейді. Ағзалар қызметі қалыпты болса, біз 120 жастан да артық жасаймыз. Егер адам сасыған ауамен дем алса, оның торшаларына тиген әсерден ауырып, төсек тартады, не өліп тынады. Жейтін асыл былғап, оның құрамын синтетикалық химикаттармен өзгерте берсе, дене жасушаларына зиянын тигізеді. Олар қызметін тоқтата бастайды. Ондай заттарға бейімделуден қалады.

Егер дененің таза болуын қолдағыңыз келсе, ішегіңізге клизма қойып, 24-36 сағат ашығыңыз. Осыншама уақыт ашыққанда химикаттардан тазаланасыз. Ашығар алдында және соңында несепке зертханалық зерттеу жасатсаңыз нәтижесі белгілі болады.

Ас тұзы – натрий суда ерігенде улы сілтіге, хлор – өте улы газға айналады. Міне, осыны біз ас тұзы деп айтамыз да, тұзсыз тамақ жесек дәмі келмейді. Ас тұзы – тағам емес. Денеге сіңбейді. Тұздың құрамында витаминдер, нәр жұғымдылығы жоқ. Тұз жүрекке у ретінде әсер етеді. Ол денедегі кальцийді жойып, ішек-қарынның шырышты қабықтарына зиянын тигізеді. Тұз денсаулыққа зиянды болса, адамдар онымен неге қоректенеді? Себебі, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап жеп келеді. Бұл ақыры әдетке, нанымға айналды. Тұзсыз тамақ дәмсіз болды. Оның денсаулыққа пайдасы бар ма? Көптеген елдер ас тұзын мүлдем пайдаланбайды. Одан келіп-кетер зиян жоқ көрінеді. Мысалы, эскимостар. Тұз үй құстарына умен бірдей. Бүйректің нәзік сүзгіштеріне тұз қандай әсер ететінін ойлап көріңіз. Асқазан, бүйрек арқылы тұзды сумен жуып шығаруға кіріседі. Міне, осы кезде тұздалған тағам жеген адамдар шөлдей бастайды. Басқа мүшелерге қарағанда бүйрек тұздан көп зиян шегеді. Сыртқа шықпай қалған тұздар табанға, асықтың буынына шөге бастайды. Дене тұзды еріту үшін тұз шөгіндісіне суды мол жібергендіктен, ісік пайда болады. Остеохондроз – тұздың жасаған дерті. Жүректің қызметі қандағы кальций мен натрий тұздарының ара қатынасына тікелей байланысты.

Ас тұзының қан құрамындағы мөлшері көбейсе, кальцийді шайып жібереді. Қан қысымы мен жүректің соғуын арттырады. Әрине, қан қысымының көбеюіне тұздан басқа да себептер мол. Адам өзін-өзі зорлап ойлану, шамадан тыс жұмыс істеу, қайғы-қасіретке душар болу, шылым шегу, спирттік ішімдіктерге әуестену, дәрі-дәрмектің жанама әсері, машина, техникалардан шығатын шала жанған улы газдардың да әсері бар. Әрине, осы факторларды жоя алсақ, жүрек, қан тамырлары мен қан қысымы сыртқаттарынан айығатын болар едік.  (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 255 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: