10:14
Саулық кілті

АШЫҒУ

Егер қолайсыз жағдайлар әсер етпесе, жабайы жәндіктер өзінің толық жасына жетеді. Тіпті, миллионнан бір адам да өмір сүру шегіне жетпейді. Ал жан-жануарлар тіршілік ету үшін немен қоректенуді сезімі арқылы реттеп, керектісін ғана пайдаланады. Ал адам неғұрлым улы ішімдіктермен қосып, сіңімділігі ауыр аспен тамақтанады. Соңынан «біз неге 100-150 жыл жасамаймыз» деп таңданады. Біз көп жасауға құмар-ақпыз, ал өмір жасымызды өзіміз қысқартамыз. Мұнда қандай мән бар. Адамның ішкі құрылысының ең кішкентай бөлшектеріне дейін ғажап, ақыл-ойы еі жоғары жетілген бола тұра қабілеті жұмбақ күйінде қалып отыр. Адам бітімі сезімтал, нәзік, мейірбан, ақылды болғанымен, өз денесіне назар аударудан гөрі қолындағы үй жануарларын баптап қарауды артығырақ көреді. Тарихи ескерткіштерге, тіпті ескі заманның тасқа салған таңбаларына көбірек қамқорлық жасалауына таң қаласың. Бәрі де қажет шығар, бірақ адамның өз денсаулығына көзқарасы басқа болуы тиіс. Дұрыс ойдың адамдары бақытты, пайдалы, ұзақ өмір сүруге апаратын сенімді денсаулық ережеге сай болуы шарт. Әттеген-ай, сол – заңдылықтың барлығы орындалай бермейді.

ХІХ-ХХ ғасырлардың өліарасында дене шынықтырудың негізін қалаушы Бернар Макфедден «Дене шынықтыру мәдениеті» деген журналының сыртқы бетіне «Ауру – бұл қылмыс, қылмыскер болудан сақтанайық» деп жазады. «Әлсіздік, босаңдық, аурушаңдықты мен адамның ғажап денесіне келген қорлау қылмысы деп білемін. Мен өзімнің денсаулығымды қалпына келтіріп, жақсарту үшін қажетті мүмкіншіліктерді сақтай отырып, денені жетілдіру шараларын да пайдаланамын», - деп жазады П.Брэгг. ары қарай «сергектік, өмірге төзімділік, көнбістілік сияқты қасиеттерді ұстанып, пайдалануым арқылы мен өзімді «денсаулық миллионерімін» деп санаймын», - дейді.

Адамның кәрі-жасына қарамай, денсаулықтың қуанышына бөлену, денсаулық миллионері болу үшін де еңбектену қажет. Кәрілікті мойындамаудың негізгі «құпиясы» табиғи тағамдарды пайдалану, тағам түрлерін жаңарту, жүйелі түрде тамақтан уақытша бас тарту, таза ауада серуендеп, таза су ішіп, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданып, дұрыс демалудан тұрады. Жүйелі түрде ашығып, тамақтан бас тартып, денені тазартып әдеттенсеңіз, сіздің денеңіздің өзі-ақ еңбек етіп, қимылдай беруді тілеп тұратын болады. Жаттығуға шығындаған уақытыңа өкінбейтін боласың. Күн сайын сергіп, денең жеңілдеп, жүрісің жылдамдап, бүкірейе бастағанбелің де жазылып, келбетің жақсарып, тік жүретін боласың. Сондықтан «Аз жесең – көп жасайсың, кім өзінің жарамсыз әдеттерінен бас тарта алса, - күшті сол», - деген ғой Бенджамин Франклин. Тіршілік көзінің қуатын үнемдеп жұмсау үшін аз же, ашық. Біз уланған дүниеде өмір сүрудеміз. Тіршілік қуаты дене қызуын үнемі 36,6 градустен төмендетпей, жоғарылатпай ұстайды. Дене қызуы бұдан төмендесе де, жоғарыласа да ауырамыз. Қазіргі заман мәдениетіне сай тіршілік қуатының жауы көп. Олар – адамдардың өзі жасаған улар. Біз уды өмірден аластатып жоғалтуымыз абзал. Қалалы жерлер мен полигондарда біздің демалатын ауамыз радиациямен, өндіріс пештерінің будақтаған түтіні, шаң-тозаң, қаптаған көп машина, техникалардың шала жанған улы газдарымен уланған. Сондықтан да тыныс ағзаларының, өкпенің обыры, қантамыр, жүрек ауруларының көбеюі тіпті ана құрсағында пайда болған ұрықтың дұрыс дамымай әртүрлі жағдайға ұшырап, дене мүшелері не көп, не аз, қарны қампиған, басы шектен тыс үлкен болып, адам сиқы жоқ нәрестелердің тууына жаның түршігеді. Ауаның ластануын денсаулықты былай қойғанда, ұлтқа төнген қатер деп білуіміз қажет.

Біздің өзен, көлдерімізде ластанған суды ішуге жарамды ету үшін хлормен тазалау әдісі дұрыс емес. Себебі, хлор денеге барып уға айналады. Сондықтан хлордың орнына оттегіні пайдаланады. Егер біз денеміздегі улы заттардан арылып, тазаланамыз десек, ашығу қажет. Өйткені астан уақытша бас тартып, ағзаны физиологиялық демалдырсақ, тіршілік қуатын қалпына келтіреміз. Қуат көзі молайған сайын у азайып, бірте-бірте мүлде аластатылады. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 247 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: