10:53
Саулық кілті

АШЫҒУ

Ашығу – тамақтан уақытша бас тарту, денені едәуір тазарту деген сөз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жеміс-жидекпен күзде, дәнді дақылдармен қыста, көкөніспен жазғытұрым және жазда тамақтану орынды деп есептеледі. Бұл көкөніс пен жеміс-жидектерді қыста жеме деген сөз емес. Денені жинақталған ас қалдықтарынан тазарту үшін апта сайын бір күн, мезгіл сайын 7 күн ашығып үйрену пайдалы. Ашығып тамақтан бас тартқан кезде тек буға айналдырып алған су ішкен жөн. Ашығу дегеніміз – оңды тамақтана білмейтін, арақ ішетін, шылым шегетін, ластанған су, ауа, химиялық дәрі-дәрмектерді көп пайдаланатын адамдардың денесін улы қалдықтардан тазарту, сөйтіп ағзаны өзін-өзі уландырудан құтқару әдісі.

Брэгг ашығудан бұрын дәрігерден кеңес алуды, ашығу кезінде дәрігердің немесе иәжірибелі адамның бақылауында болуды ескертсе, Г.Малахов: «Ашыққан адамға дәрігердің де, тәжірибелі адамның да қажеті жоқ, ашыққан адам өзін-өзі басқара білуі қажет», - дейді.

«Әрбір адам денесінің ашығу әсеріне жауабы дербес болатындықтан, оған нақты рецепт жоқ», - дейді Ю.С.Николаев. ашыққанда жүйелі түрде ашығу жөн. Дұрыс ашығып, тамақтану ережесін ұстана білсең, қан қысымың қалыптан жоғары болса азаяды, ызақор, ашушаң болсаң – тері терсегіндегі қотыр, қышыма болса, ол да жоғалады.

Ашығуды К.Нишидің жүйесімен қоса, несеппен ұштастыра алсаң, көптеген дерт, дербезден (остеохондроз) сауығасың, сондай-ақ көптеген ауру-сырқаудың алдын алуға болады.

Ашыққан кезде Брэгг жатып демалуды ұсынған. Соңғы жылдарда ашығуды зерттеген тәжірибемен байқаудың нәтижесінде, ашыққан кезде әртүрлі спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдануға болатындығы дәлелденді. Рас, қайсыбір адамдар да ашығу кезінде дене еңбегімен шұғылданып жүргенде денесі босап, басы айналғандай да болады. Егер ондай белгі білінсе жатып, аздап дем алса, басылады. Себебі, жасушалардан жиналған улы қалдықтар қанға құйылады. Ал жасы ұлғайған, денесі өте бос, қозғалғысы келмейтін адамдарға жұмыс істеуге болмайды. Өзі қалап тұрса ғана болады. Бұл арады сөз ұзақ уақыт жаяу серуендеу, шаңғымен жүру, жүгіру туралы болып отыр. Қайсыбіреулер ашыққанда ешбір еңбектен бас тартпайды. Қайта дене еңбегіне қызығушылық арта түседі.

Брэгг: «ашығу алдында және ашығу кезеңінде табиғи болмысқа қарсы болғандықтан, клизмамен іш тазалауға болмайды», - десе, К.Ниши: «Ашығу алдында және ашығу кезеңінде күн аралатып, клизмамен ішекте тазалап тұру жөн», - дейді. Бұл көзқарасты Ю.С.Николаев, Шелтон, Г.Малахов та құптайды.

П.Брэгг өзінің жазған «Ашығудың ғажабы» деген кітабында: «Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқы сатып ала алмайсың», - деп жазады. Денсаулық – зор байлық. Денің сау болмаса, байлықтан не пайда. Салауатты өмір сүру үшін ақшаның да рөлі аз емес. Рақат өмір сүру үшін қора-қопсыңнан бастап, жатар орныңа дейін қалауыңа сай болуы керек.

Адам ата, Хауа анадан бастап, адам баласы ұзақ өмір сүргісі келеді-ақ, бірақ ол мүмкін емес. Адам баласы өлімнен қашып құтыла алған жоқ, қайда барса да алдында Қорқыттың көрі қазулы. Бірақ кездейсоқ ажалға тап келмеген адам салауатты өмір салтын сақтап, табиғи тағамдармен тамақтану ережесін сақтай білсе, ұзақ өмір сүруіне болады. Адамның өмір кілті өз қолында. Кейбіреу өзінің тағамға, ішімдікке ұстамсыз, қомағайлығымен табиғаттың жобалаған жасының жартысына да жетпей өледі.  (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 245 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: