11:03
Саулық кілті

АШЫҒУ

Әлбетте, денсаулықтың негізі – салауатты өмір салты, ауру-сырқаудың алдын алу, дәрісіз дауалау, ішімдіксіз тамақтану. Шылым шегуден, әртүрлі химикаттардан адам баласы өзін-өзі қорғай білуі қажет. Табиғи тағамдар мен химикатсыздәрі-дәрмектер қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру қоғамдық мәселе. Мұның бәрі де табиғи гигиенадан туындаған. Халық арасында «Ішіп-жеу үшін өмір сүрме, өмір сүру үшін ішіп-же» деген қанатты сөз бар. Ал табиғи гигиенаның негізін салушылардың бірі Р.Тролл:»Химиялық дәрі-дәрмектермен дауалау адам ағзасына жат, ғылыми тұрғыдан қарағанда танту,табиғатына зиянды», - деген. Химиялық дәріге негізделген емдеу тек аурудың басталған ең қатты кезеңінде ғана көмектесе алады, бірақ мүлде сауықтырып жібере алмайды. Орыс халқының ұлы физиологы И.П.Павлов: «Адам денесі ең жоғары дәрежеде өзін-өзі басқарушы, бағыттаушы, қолдаушы, жетілдіруші», - деп есептеді. Бұл жүйе табиғат берген заң күшіне бағынады.

Табиғи гигена дегеніміз – табиғат заңын білу, сауықтыру жинағы, барлық дененің бүтіндей тұтастығын табиғи әдістермен сауықтыру (К.Нишидің денсаулық жүйесімен өмір сүру тамақтан уақытша бас тарту, жүгіру, суда жүзу, терлеу, дене еңбектерімен шұғылдану, денені суыққа шынықтыру, орынды тамақтану – тамаққа табиғи көкөністерді, жеміс-жидектерді молырақ пайдалану т.б.).

Табиғи гигиена біздің жеке басымызға өзіміз қамқорлық жасау мүмкіншілігі мен білімін сыйлады. Дәстүрлі медицина аурудың пайда болу себебімен емес, ауруды емдеумен шұғылданады. Денсаулық – жеке адамның жеке басының мәселесі. Әрбір адам өз ауруына өзі себепкер болады, яғни ауруына өзі кінәлі. Ауаның ластануынан, ортаның радиациямен ластануынан сақтау, химикатсыз дәрі-дәрмектер мен табиғи тағамдар қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру мемлекетпен аралық мәселе. Бір-бірінсіз алға баспайды.

Табиғи гигиенаның пайда бола бастаған алғашқы жылдарындағы ғылым қайраткерлерінің бірі – Поль Брэгг. Өзі дәрігер. «Ашығудың ғажабы» деген кітап жазған. 90 жасында сергек, төзімді, күші мығым, қозғалысында шек жоқ, икемді болған. Күн сайын 3-5 шақырым жүгіріп, суда көп уақыт жүзіп, тауға өрмелеп, теннис ойнап, би кештеріне де қатысып, ұзаққа жаяу сапарға шығудан да жалықпаған. Адамның төзімділігін тексеруде сахара шөлдерінде су татпай өткен екен. Ол күніне 12 сағат жұмыс істесе де еш жері ауырып, шаршауды сезбеген. Медициналық тақырыпта дәріс оқудан жалықпаған.

П.Брэгг жүйесінің негізі – ағзаны табиғи сауықтыру, ашығумен тазарту, дұрыс тамақтану, жаттығып шыңдалу. Көңіл күйдің көтеріңкі болуына үлкен мән берген, табиғи сауықтырудың құрамы деп есептеген. П.Брэгг жүйесінің негізгі тетігінің бірі тиімді тамақтану, күнделікті тамақатың 60 пайызы жеміс-жидек, көкөнс болуын, оны шикі немесе шала пісіріп пайдалануды ұсынған, өндіріс өңдеуінен өткен ішіп-жемдерден бас тартуға кеңес берген. Олар – қант, конфет, какао, кофе, шоколад, пряник, торт, печенье, әртүрлітоқаштар, шұжықтар, консервілер (ет, балық, тосап). Брэгг етке өте үйір болуға кеңес бермеген, қайта аптасына 3-4 рет аздап жеуден ары бармауды оңды көрген. Брэгг сауықтыру әдісімен шұғылдануға, еңбек белсенділігін арттыруға, денені шынықтыруға үлкен көңіл аударған. Денсаулығы босаңсыған адамдарға жаяу жүруден бастап, бірте-бірте жүгіруге кеңес берген. Таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, дұрыс демала білу, осының барлығы П.Брэггтың сауықтыру жүйесінің құрамына жатады. Ол өз жүйесінде ашықтырып, сауықтыруға көп көңіл бөледі. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 247 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: