09:53
Салауатты өмір салты

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

«Денсаулық – зор байлық» қой қашанда. Тек осынау алтынға да алғысыз, күміске де бергісіз қымбат қазынамызға ілтипатымыз көңілден шығып жатқаны әрқилы. Ал оны қалыпты жағдайда ұстау үшін салауатты өмір салтының беріп жатқан шексіз қолғабысына не жетер, шіркін! Дегенмен зиян келтіретін бейәдеп әдеттер де бар, өкінішке орай. Тілге тиек боп әбден жауыр болған нашақорлық, есірткіқұмарлық, ішімдік һәм темекі шегуге деген тым әуестенушілік – күн тәртібінен түспей тұрған көкейкесті мәселе.

Жақында тәрбиелік жүйесі жақсы жолға түскен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде осындай проблемалық тақырыпты арқау еткен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты шара өткізілді. Оның өтуіне Қызылағаш ауылдық округі аппаратындағы жастар істері мен спорт бөлімінің маманы Г.Д.Сейітова, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің салауатты өмір салты үйлестірушісі С.Н.Сейсембеков, мектеп директорының тәрбие істері орынбасары Б.Т.Мазанова, ауыл жастарының көшбасшысы Г.Қ.Абылғазинова мұрындық болды. Ал шараның көркін өзара екі төрттік құраған 9-10 қазақ тілді сыныптардың оқушылары пікірталас түрінде қыздырды.

Аталмыш шараны жүргізу тізгінің өз қолына алған биология пәні мұғалімі Сұңқар Нұрмұқанұлы екі топқа тақырыпты тұздық еткен сұрақ-сауалдарын, шығармашылыққа жетелейтін сын-тапсырмаларын рет-ретімен ұсынып отырды. Көлемді қағаз бетіне сурет-сызбаларын түсірген жоғары сынып оқушылары өз ортақ тақырыптық туындыларын сауатты түрде қорғап, шараның мақсаттың шарапатына шуақ шашты. Сонымен бірге аталмыш шараны тыңдап-көруге келген басқа сынып оқушылары да назардан тыс қалмады. Олар өз кезегінде нашарқорлық-есірткіқұмарлыққа, ішікдік ішуге және темекі шегуге қарсы болуды үгіттейтін өзіндік баннерлерін жоғары көтеріп, орынды дәлелдерін ортаға салды.

Пікірталасқа түскен қос топ оқушылары ішінен белсенділік танытқан Әнел Батырханованы, Қызғалдақ Оспанды, Айнұр Садуақасованы ерекше атап өткеніміз абзал. Шараның шымылдығы түрілер шақта мектеп директорының тәрбие істері орынбасары Бақыт Төлегенқызы аталмыш шараның тәрбиелік маңыздылығын атап өтсе, ауылдық әкімшілік маманы Гүлзия Дәйкенқызы шара кезінде белсенділік танытқан мектеп оқушыларына естелік сыйлықтарын жылы жүз таныта табыстады.

Сондай-ақ интербелсенді тақта арқылы тақырыпты аша түсуге өлшеусіз септігін тигізген арнайы слайд көрсетілді. Көрермендердің жеке көзқарастары тыңдалды.

Сайып келгенде, осындай түрде түзілген шараның өскелең ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы замана ағымына сай орынды деп таңылды.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1018 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: