10:10
Саламатты Қазақстан

ТАБИҒАТ ҚҰШАҒЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

Жаздың шіліңгір ыстығына бергісіз қыркүйектің нұрға толы шуақты күнінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі һәм Қызылағаш ауылдық округ қызметкерлері республикалық «Саламатты Қазақстан» атты салауатты өмірсалтын мейілінше насихаттаған акциясы айдарымен денсаулық күнін ынтымақты бірлік пен қайырымды достық негізінде өткізді.

Күзгі табиғат аясында үлкен бір топ болып таңғы жатттығулар жасалды, түрліше қашықтыққа жоспарланған кросс өткізілді. Артынша бүлдіршіндер арасында, орта буын оқушылары арасында, жоғары сынып оқушылары һәм әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымы қызметкерлері арасында жігер-қайратқа, тартыс-таласқа толы «Көңілді жарыстар» көркімен қыза түсті. Ал таза ауа мен аялы табиғат алақанында еркін тынысты жүрек жалғау сәтінен соң, жылдағы дәстүр бойынша оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында шағын футболдан жолдастық матч болды. Бүлдіршіндер өз алдына далада ойналатын, ұлттық ойындар қызығын тамашалады.

Айта кету керек, денсаулық күні барысында қауіпсіздік техникасының барлық талаптары қатаң түрде сақталды. Сонымен қатар экологиялық тәрбие бағытына қарасты тазалық талаптары жіті назарда болды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 863 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: