00:56
Құрыштай шындалу қарымдары

ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖИЫН

Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі Отанын қорғайтын сарбаз-азамат. Ал жалпы орта білім беруде алғашқы әскери дайындық пәні жоғары буын оқушыларын бұл бағытта алдын-ала дайындауда маңызды стратегиялық рөл атқарады.

Жуырда Лебяжі ауданы орталығы Аққудағы жалпы орта мектеп базасында жоғары сыныптар жасөспірімдері арасында аудандық біркүндік әскери-спорттық жиын ұйымдастырылды. Аудандық білім бөліміне қарасты ауылдық мектептерден жігер-шымырлы жасөспірімдер һәм әскери жетекшілер ұйымдаса түйісті. Шара барысында әскери тәртіптің барлық талаптары қатаң түрде сақталды. Өйткені осындай кешенді басқосуда жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер айқындала түседі екен.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінен аталмыш жиынға әскери жетекші Қайдаров Н.Ш. өз шәкірттерін: Ерсайын Нариман, Жоламанов Рамазан, Қазбеков Мағжан, Кириченко Александр, Дәулетов Ардақ, Болатқожинов Ернұр, Шаймұрат Айбарыс – үміт арта ертіп апарды. Әскери-тактикалық амалдарды пысықтау, пневматикалық қарудан нысанаға көздей ату, түрлі спорттық снарядтарда дене шынықтыру жаттығуларын талапқа сай я одан арта орындау және т.б. оқушылардың мойындарына жауапкершілікпен артылған мақсат-міндеттер болып табылды. Бұл сындарда бесқарағайлық «болашақ сарбаздар» сүріньеуге тырысып бағып, оқытушысы зерделей үйреткен әскери-спорттық амалдарды абыроймен атқаруға барын салды.

Нәтижесінде, 11 орыс сынып оқушысы Кириченко Александр және 10 қазақ сынып оқушысы Болатқожинов Ернұр өзгелерден оқ бойы озықтығы арқасында Мадақтамамен марапатталды.  

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 849 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: