22:54
Рухани жаңғыру

ТӨРТ ТҮЛІК СӨЗДІГІ

  • Үйір – жылқы тобы.
  • Келе – түйе тобы.
  • Табын – сиыртобы.
  • Отар – қой, ешкі тобы.
  • Атсейіс – ат бабын білетін адам.
  • Ақтату – жылқыны кестіру, ат қылу.
  • Арамза – мезгілсіз туған төл.
  • Бедеу – мүлде құлындамайтын жылқы.
  • Бұғалық – жылқыны ұстайтын арқан.
  • Басжіп – сиыр байлайтын жіп.
  • Бошалау – аналық малдың туар кезде төлін қызғанып аулаққа қашуы.
  • Бауыртақ – төлдің кіндігін сақтау үшін бауырына тағылатын мата.
  • Желі – төл байлайтын керме.
  • Желінқап – сиырдың желіні жарылғанда кигізілетін қапшық.
  • Ен – малдың мүйізіне, құлағына салынатын белгі.
  • Сырға – мал құлағына салынатын белгі.
  • Жалқы – жалғыз туған төл.
  • Егіз – бірге туған екі төл.
  • Үшем – бір енеден туған үш төл.
  • Төртем – бір енеден туған төрт төл.
  • Керме – ат байлайтын арқан.
  • Ақыр – атқа, жылқыға жем салатын орын.
  • Көген – қой, ешкі байланатын арқан, жіп.
  • Күделеу – бие сауғанда жүріп кетпеу үшін алдыңғы аяғын мойнына жіппен байлап қою.
  • Исіну – жылқының сүт бермей жүріп кетуі.
  • Кереқап – жаңа туған қозы мен лақты салып әкелетін қапшық немесе ыдыс.
  • Таға – жылқы мұздан таймас үшін оның тұяғына қағатын темір доға.
  • Қысыр – төлдемей қалған мал.
  • Қылқұйрық – жылқы деген сөз.
  • Қара тіл – сиырдың жүйрігі.
  • Қарақаптал – аналықты қашыруға жарамай қалған аталық (айғыр, т.б.).
  • Қасқа – мал басындағы ақ таңба.
  • Төбел – мал маңдайындағы ақ таңба (төбел тай).
  • Құрық – басына жіп байланған мал ұстауға арналған сырық ағаш.
  • Қасапшы – мал союшы.
  • Саяқ – бойдақ жас жылқылар тобы.
  • Сарық – қойдың бір түрі.
  • Саулы – төлсіз сауылатын аналық мал.
  • Сірге – енесін ембесін деп арда төлдің мұрын үстіне кигізілетін іскекті ноқта.
  • Ту (ту бие, ту сиыр) – төлі өлген ұрғашы мал.
  • Тел (тел құлын) – екі енені еметін төл.
  • Тісеу – жылқының тіс ауруы.
  • Тұмса – алғаш төлдейтін аналық.
  • Пішпе – кестірілген мал.
  • Шартық – шала тартылған (кесілген) аталық күші кем қошқар.
  • Мәстек – жылқы малына тән қасиеті жоқ, не мінуге, не жегуге келмейтін, шабан, топырыш, мінезсіз жылқы жаманы. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 761 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: