23:00
Рухани жаңғыру

ШЕБЕРЛЕР ШЕШІМІН ТАПҚАН

  • Металдан – алтын, күміс, мыс, жез, алюминий, қаңылтыр, қорғасын.
  • Ағаштан – емен, үйеңкі, қайың, тал, арша, тобылғы.
  • Аслы тастар – айтас, жақұт (яхонат), лағыл (рубин), інжу (коралл), маржан (жемчуг), ләулік тас, гауһар (бриллиант), мәрмәр (мрамор), беріктас (гранит), көріктас, құбылтас (александрит), құлпырматас (перламутр), меруерт, зүбаржат (хризолид), зертас (яшма), ақық (сердолик), жарқырауық (самоцвет), қыстас, жазағ, дүр (янтарь), жосатас (бояу), әктас, жұмсад, сутас (хрусталь), көктас (малахид), замартас, асфар (топаз), фируза (бирэза), опал, санбадат, цейлонтас, зумрет (изумруд), моншақ.
  • Мал өнімдері – жылқы, қой сүйектері, мүйіз, тері, жүн, қыл, шуда, тарамыс, тұяқ.
  • Маталар – сырт киімдік, жібек және түрлі маталар.
  • Сырт киімдік, қымбат маталар – барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, мәндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, үштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, байрақ, борлат, бояқ, бұйдас, зипун, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап, құлпы.
  • Жібек маталар – баршын, кәніпас, кәріс, күләнкөр, күлдәрі, қатипа батсайы, сәрпіңке, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кәнеуіз, маңлұқ.
  • Тұрмыстық жұқа маталар – зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бәтес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
  • Арзанқол маталар – ләмбөк, ләстік, шыдаған, бөз, дәке, кенеп, сұпы, тептік, үлдірік, шөжім, шыт, ақзу, тік, тібен, сәлдебөз, күн-түн, меткетон.
  • Басқа заттар – қамыс, ши, жалпақ қоға, тас, шыны, тоз, жыланның бас сүйегі, үкі тұяғы, піл сүйегі (дандан), киік мүйізі, киік сирағы (қамшы сап).
  • Тігіс атаулары – айқас тігіс, алтындап тігу, батырып тігу, бедерлеп тігу, бүгіс тігіс, бүрме тігіс, есіп жөрмеу, жапсыру, жөрмеу, жара тігіс, көктеу, көпіртіп тігу, қабу, қою тігіс, маржан тігіс, өбістіру, сыру, таңдай тігіс, тебе тігу, тепшу, түктеп тігу, тұмарша, торлау, «тышқан із», шалып тігу, шанша тігу, қабырға тігіс, қусыру, шарбақтап тігу, ызу.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 489 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: