20:27
Рухани жаңғыру

ЗЕРГЕРЛІК ЖӘНЕ ТІГІН БҰЙЫМДАРЫ

  • Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
  • Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. атаулары бар.
  • Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
  • Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
  • Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.
  • Моншақ – түрлі тастар мен шыныдан жіпке тізілген мойынға, қолға салатын, киімге тағатын сән бұйымы.
  • Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
  • Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үш бұрышты, салпыншақты күміс бұйым.
  • Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
  • Сақина – саусаққа салатын әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан соғылатын бұйым.
  • Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік тағым.
  • Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі.
  • Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын астына бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым.
  • Көз отаға – күміске онатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
  • Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шекетулеген аса қымбат белбеу.
  • Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
  • Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
  • Қапсырма – әйел қамзолына тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.
  • Шекелік – сәукеле, тақия т.б. баскиімге тағылатын тағым.
  • Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
  • Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым.
  • Шашбау – қыздар шашымен қоса өріліп моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік тағым.
  • Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сыртын түрлі моншақ, жапсырмалармен безендірілген бұйым.
  • Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 467 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: