12:45
Рухани жаңғыру

ӨРНЕКТІ ӨРМЕК ӨНЕРІ

  • Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т.б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок).
  • Термелі өрнек – кілем тоқитын құрал. Бұған жалпақ тоқыма бұйымдары тоқылады.
  • Жәй өрмек – бұған енсіз құр, бау, терме, басқұр сияқты бұйымдар тоқылады. Жәй өрмек бірнеше бөліктерден, құралдардан құралады.
  • Қазық – желі және өрмек өрісі үшін қажет қазықтар.
  • Кергіш қазық – өрмек өрісін алдыңғы жағынан керіп тұрады.
  • «Күйеу қазық» - өрмекті арт жағынан керіп тұратын қазық. «Жетім қазық» деп те атайды.
  • Күзу шыбығы – арқау жіп өткізетін ағаш шыбық.
  • Күзу арқалығы – күзу шыбығын тең көтеріп тұрады.
  • Мосы – арқалықты көтеріп тұратын үш бұтты құрал.
  • Адарғы – өрмек өрісінің астыңғы және үстіңгі беттерін айқастыратын ағаш құрал.
  • Серу ағаш – өрмек өрісі енін, жіптерін бірдей етіп ұстап тұратын құрал.
  • Жүгіртпе – арқау жібін өткізіп тұратын құрал.
  • Қылыш – адарғыдан кейін арқау жібін тығыздайтын қылыш тәрізді ағаш.
  • Бақылау жіп – өріс жіптері шатыспау үшін қолданылатын (буатын) бөлек жіп.
  • Тергіш – өрнек шығару үшін түрлі-түсті жіптерді теретін (іріктейтін) ағаш құрал.
  • Еркек жіп – күзуде тұрған желі жіптерінің үстіңгі беті.
  • Ұрғашы жіп – астыңғы беті.
  • Шатыс – еркек және ұрғашы жіптердің адарғы арқылы айқасуы.
  • Тарту жіп – күзуді қозғалмау үшін қатты тартып бекітіп қоятын мықты жіп.
  • Жіп қашу – желі жіптерінің үзілуі.
  • Арқау – тергіштен кейін шатысты ұстап қалатын, жүгіртпеге оралған арқау жіп.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 481 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: